09 мамыр 2015 13:15

Назарбаев Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери шеру Ресейдің астанасы - Мәскеуде өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Парадқа қатысатынын шамамен 25 елдің басшысы растады, оның ішінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар, ол 8 наурызда Мәскеуге екікүндік ресми сапармен барды.


Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери шеру Ресейдің астанасы - Мәскеуде өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Парадқа қатысатынын шамамен 25 елдің басшысы растады, оның ішінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар, ол 8 наурызда Мәскеуге екікүндік ресми сапармен барды.

Қызыл алаңда әскери шеру Мәскеу уақыты бойынша сағат 10.00-де басталды. Шеруді тікелей эфирде ресейлік телеарналар таратып жатыр.

Жеңіс шеруіне Қазақстаннан Ұлы Отан соғысының алты ардагері барды - Ахат Бекмәді (Астана) - Мәскеуді азат етуге атсалысқан, Курск доғасындағы шайқасқа қатысқан, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған, "Германияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған; Дмитрий Михайлович Малышев (Алматы) - Беларусь, Украина, Польша, Румыния және Венгрияны азат етуге қатысқан, ол І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, "Қызыл жұлдыз" орденімен марапатталған, "Польшаны азат еткені үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталған. Федор Маркиянович Федотов (Алматы облысы) - Калинин майданы, 1,2,3, Белорус фронты, Украин фронты, марапаттары: І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендері, "Мәскеуді азат етуге атсалысқаны үшін", "Берлинді алғаны үшін", "Праганы азат еткені үшін", "Украинаны азат еткені үшін"; Камали Жұматайұлы Дүйсенбеков (Қарағанды) - Украин майданының 4-ші Армиясының 13-ші корпусының 24-ші гвардиялық дивизиясында, танкіге қарсы іс-қимыл ротасында соғысқан.  І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған, ІІ және ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған. Октябрь көтерілісі орденінің кавалері, Еңбек Қызыл ту, Құрмет белгісі, "Құрмет" ордендерімен марапатталған. Михаил Васильевич Смоленков (Павлодар) - 1941 жылдың қазанынан 1944 жылдың қарашасына дейін Карель майданында взвод командирінің көмекшісі, батальон командирінің орынбасары, батарея командирі қызметтеріне болған, 1945 жылдың тамыз айынан бастап Қиыршығыс майданында батерея командирі болған, марапаттары: 4 Қызыл Жұлдыз ордені, І дәрежелі Отан соғысы ордені, "Жауынгерлік қызметі үшін", "Жапонияны жеңгені үшін" және тағы да басқа; Қаратай Төлебеков (Шымкент) - Отан соғысы орденімен, "Жауынгерлік қызметі үшін" және "Ерлігі үшін" медальдарымен марапатталған.

Шеруде Қазақстан, Үндістан, Қытай, Моңғолия, Түркменстан, Армения, Сербия, Қырғызстан, Беларусь, Әзірбайжан елдерінің шеруге арналған техникасы жүріп өтеді деп жоспарланып олтыр. Қазақстаннан Алматыдағы әскери институттың 76 офицері мен курсанты қатысып жатыр.

Қызыл алаңда салтанатты саппен Ресей қарулы күштерінің 15 мыңнан астам жауынгері және офицері жүріп өтеді. Парадта әскери техниканың 194 данасы ұсынылады: Т-90А танктері, "Тигр" автомобилі, "БТР-82А бронтасымалдаушылары, "Панцирь-С1" зымыран-зеңбірек зенит кешені, "Ярс" зымырандар кешені, "Бук-М2" зенит зымыран кешені, "С-400" зенит зымыран жүйесінің іске қосу қондырғылары, "Искандер-М" жедел-тактика зымырандар кешені.

Авиациялық бөлімде 143 ұшақ пен тікұшақ қатысады: МиГ-31, Су-34, Су-27 және МиГ-29 жойғыштары, Су-25 штурмовигі, А-50 радиолокация барлау ұшағы, Ил-76 және Ан-124-100, "Руслан" ұшақтары, Ил-78 жанармай құйғыш ұшағы, Ту-160, Ту-95МС и Ту-22М3, Су-24 бомбалаушылары, Ка-52, Ми-35, Ми-28Н, Ми-26, Ми-8, Ансат-У тікұшақтары. Тұңғыш рет Су-30СМ және Су-35С жойғыштары көрсетіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети