Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

Назарбаев монополистер қаражатын бақылауды тапсырды

24 Ақпан 2014, 17:55
0
©Аkorda.kz
©Аkorda.kz
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жетекшісі Мұрат Оспановты қабылдады деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Агенттік жетекшісі ведомствоның 2013 жылғы жұмыс қорытындылары және биылға арналған жоспарлары жөнінде баяндады. Кездесу барысында тариф саясатын жетілдірудің негізгі шаралары және тарифтерді қалыптастырудың шынайылығын қамтамасыз ету, реттелетін қызмет түрлерінің сапасын арттыру, табиғи монополиялар нысандары қызметіне бақылауды күшейту мәселелері талқыланды.

ҚР Президенті монополистердің тарифті көтеру нәтижесінде алынған қаражаттарының мақсатты жұмсалуына бақылауды күшейту қажеттігін ескертті. Сонымен бірге, шағын және орта бизнестің дамуына мейлінше қолайлы жағдай жасау мен инвестиция тарту мақсатында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерін кең қолданудың маңызы зор екенін атап өтті.

Мұрат Оспанов Мемлекет басшысын табиғи монополиялар субъектілері инвестицияларының өсу қарқыны және саланы жаңғыртудың нәтижелері туралы хабардар етті. Капитал салымдары тозу деңгейін төмендетуге және ысырапты едәуір қысқартуға ықпал еткені атап өтілді. Атап айтқанда, 2006 жылдан бастап олардың деңгейі іс жүзінде жартылай төмендеген, сондай-ақ отынды, шикізатты, материалдар мен энергияны тұтыну азайған.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай