28 ақпан 2019 12:55

Назарбаев Мысыр президентіне көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы Каир қаласының теміржол вокзалындағы жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, осыған дейін Каирде пойыз патқа ұшырап, 24 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, пойыз тағы бір пойызбен немесе платформамен соқтығысып, артынша өртенген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети