Назарбаев Обамаға көңіл айту жеделхатын жолдады

13 Маусым 2016, 17:48
1
Назарбаев Обамаға көңіл айту жеделхатын жолдады - © REUTERS
© REUTERS

Нұрсұлтан Назарбаев Орландодағы гей-клубта болған терактіге байланысты АҚШ президенті Барак Обамаға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Орландо қаласындағы террористік акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады", - делінген хабарламада.

"Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды, қандай мақсатта болса да жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Барак Обамаға, Америка халқына, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске салайық, Орландодағы Pulse гей-клубында белгісіз біреу атыс шығарып, салдарынан 50 адам қаза тауып, 53 адам жарақат алған болатын. Гей-клубтағы оқиға АҚШ тарихында бұрын-соңды болмаған ірі қырғын саналып отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай