Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Назарбаев өкілеттігін тоқтатудан бір күн бұрын Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты 02 желтоқсан 2020, 08:38

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевпен 2019 жылғы 19 наурызда өкілеттігін тоқтатудан бір күн бұрынғы диалогын
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Видео кадры Видео кадры

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевпен 2019 жылғы 19 наурызда өкілеттігін тоқтатудан бір күн бұрынғы диалогын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"19-ы жарияладым (өкілеттігін тоқтату туралы - Авт.). 18 наурызда жаңа үлкен мешіттің алғашқы тасын қойдық. Сосын Тоқаевпен бір көлікте келе жаттық. Тоқаев ертесі күні сөйлейтінімді білді, ол былай деді: "Нұрсұлтан Әбішұлы, мынадай жағдай бар, райыңыздан қайтарсыз? Өзіңіз ойлаңызшы, бұл дұрыс емес қой, сіз әлі де жалғастыра аласыз ғой". Мен былай жауап бердім: "Мен бұл шешімді іштей жасадым, дайындал. Бұл оңай емес", - деді Назарбаев "Хабар" телеарнасына "Штрихи к портрету" деректі фильмі аясында берген сұхбатында.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті өкілеттігін 2019 жылдың 19 наурызында тоқтатқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram