1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Өзгенің басына бермесін" - Назарбаев Әблязовтың сатқындығын айтты 02 желтоқсан 2020, 09:00

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев экс-банкир Мұхтар Әблязовтың ұрлығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеодан кадр Видеодан кадр

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев экс-банкир Мұхтар Әблязовтың ұрлығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әблязов сатқын емес пе? Мен оны жас кезінде энергетика министрі етіп тағайындадым және ол жұмыс істей бастады. Содан ол ұрлық жасады. Менің қандай қатысым бар? Мен оны көтердім. Ұрлады - түрмеге отырғыздым. Үздіксіз хат жазды. Оның туыстары мен достары: "Оны кешіріңіз, босатыңыз" деп хат жазды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасындағы "Штрихи к портрету" деректі фильмі аясында сұхбатында

Тұңғыш Президент уақыт өте келе Әблязовты сол кезде кешіргенін атап өтті. 

"Ол түрмеде отыратын еді, мүмкін тағы қосылатын еді. Содан кейін тағы өтінді, банкке қайта отырғыздым және содан кейін ол не істеді? 7,5 миллиард доллар аударып алды, ұрлады және сол ақшаға 15 жылдан бері батыста тұрып жатыр. Ол жақта жұмыс істемейді ғой, жалақы алмайды, қалай өмір сүріп жатыр? Бұл жақта қандай мүлкі бар еді? Ал ол депозитке жинаған халықтың ақшасы еді. Мемлекет адамдарға ақшаны қайтарды. Біз әлі күнге дейін бұл ақшаны іздеп жатырмыз, миллиардтан кейін миллиард қайтарып жатырмыз. Міне, бұл қалай болғаны? Бүгін еске алғым келмеген. Жай солардың біреуі ғой. Кейде оған мұның не керегі бар деп ойлаймын", - деп қосты Назарбаев.

"Қазақ баласына шетелде өмір сүру оңай емес. Қазақтар "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" деп бекер айтпайды. Сен сол мейрамханаға 10 рет барып кел, 10 костюм киіп көр, қалағаныңша гамбургер жеп көр, бірақ қашанға дейін жалғасады? Ол жақта бәрі бөтен, өзіңдікі емес. Қанша десең де туған ел, туған жерің бәрінен жақын. Өзгенің басына бермесін, әрине. Солай болып қалды, өкінішті. Ол адам жақсы жұмыс істей алар еді, өз еліне көмектесіп, игі бастамаларды қолға алар еді, ал соңында қашқын болып шықты", - деді Елбасы.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат барысында өкілеттігін тоқтатудан бір күн бұрын Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты. 

Айта кетейік, Қазақстанда сот Әблязовқа БТА банкінен 7 миллиард долларға жуық ақша ұрлағаны үшін 20 жыл колонияға қамау, сондай-ақ 2018 жылы банкир Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастыру бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кескен.

Ұлыбритания соты БТА банкі ісі бойынша миллиардтаған активті бұғаттады

Ресей және Украина Әблязовқа ақша жымқырды деген айып тағып, іздеу жариялаған болатын. Биылғы қазанда қашып жүрген банкир Францияда соттың қадағалауында екені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Jah Khalib үйленді