Назарбаев пен Путин екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне өзара түсіністік білдірді

27 Наурыз 2014, 18:09
0
Назарбаев пен Путин екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне өзара түсіністік білдірді - Tengrinews.kz иллюстрациясы
Tengrinews.kz иллюстрациясы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин екі жақты қарым-қатынастың басымдығын телефон арқылы талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Ақ орда сайтына сілтеме жасап.

"Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша толық өзара түсіністік барын атап өтті",- деп нақтылады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастардың басымдығы бар бағыттарын, сондай-ақ сауда-экономика саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық өзара ықпалдастық жайттары қозғалды. Атап айтқанда, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы қаралды.

Бұған қоса, екі мемлекет көшбасшылары жұмысын аяқтаған Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттің қорытындылары туралы пікір алмасты.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың 5 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барды. Онда ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты. Кесдесу барысында Еуразиялық экономикалық интеграцияның мәселелері мен халықаралық күн тәртібінің көкейтесті аспектілері қаралды.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай