Назарбаев Қырғызстанның СІМ басшысымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Қырғызстанның СІМ басшысымен кездесті © elarna.com

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның өзара іс-қимылының басты бағыттары және екі елдің бірлескен жұмысының алдағы перспективалы салалары талқыланды.

Сонымен қатар, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстанды тарихи достық және тығыз ынтымақтастық байланыстырып отырғанын атап өтті.

"Елдеріңіз біздің жақын көршіміз әрі серіктесіміз болып саналады. Арамызда ешқандай шешілмеген мәселе болмауға тиіс және қарым-қатынасымыз басқаларға үлгі болуы керек. Әлемдегі күрделі экономикалық және саяси ахуалды ескере отырып, бірге болуымыз қажет", - деді Қазақстан Президенті.

Абдылдаев Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың сәлемін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети