02 желтоқсан 2016 15:51

Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Рогозинмен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесуде Байқоңыр ғарыш айлағын одан әрі дамыту, сондай-ақ қорғаныс және қару-жарақ мәселелері жөнінде Қазақстан мен Ресей үкіметтері жүргізіп жатқан жұмыстар барысы қарастырылды.

"Біз қорғаныс өнеркәсібі саласында бірлескен кәсіпорындар құру мәселесін бұған дейін де талқыладық. Осы мақсатпен біздің елде жеке министрлік құрылды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысына Ресей Үкіметінің вице-премьері болашақта бірлесе жүзеге асырылатын «Бәйтерек» жобасының техникалық жағы туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

"Бұл жоба мүлде жаңа зымыран-ғарыш техникасын жасауға және зымыран жөнелту кешенін жаңғыртуға бағытталған. Жоба жөнінде қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел басшылары тарапынан ресми рәсімделген жағдайда Байқоңыр қаласы мен жөнелту кешенін дамытудың жарқын перспективасына жол ашылады", - деді Рогозин.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасында экономиканың басқа салалары бойынша да ілгерілеушіліктер бар екенін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети