Назарбаев Ұлытау өңірінің қазақ үшін мәні зор екенін айтты

25 Тамыз 2014, 14:47
0
Назарбаев Ұлытау өңірінің қазақ үшін мәні зор екенін айтты - Нұрсұлтан Назарбаев. ©akorda.kz
Нұрсұлтан Назарбаев. ©akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында қазақ этносының бесігі - Ұлытауды туристер үшін тартымды аймаққа айналдыруға болатынын айтты.

Президент Ұлытау өңірін киелі жер деп атады. Оның айтуынша, барлық заманда жаз кезінде даланың әр түкпіріндегі қазақтар Ұлытауды жайлайтын болған. Осында шаңырақ көтеріп, той тойлаған. "Рулар араласқан. Сондықтан, біздің кең даламызда диалект деген жоқ. Ұлытаудың халық үшін мәні зор", - деді Назарбаев. Ол Қытайда оңтүстіктегі халықтың Бейжің тұрғындарының тілін түсінбейтінін мысалға келтірді.

Мемлекет басшысы жастардың тарихты меңгеруінің маңызын атап өтті. Назарбаевтың айтуынша, Ұлытау аймағы кезінде Қазақстанның болашақ астанасын салуға арналған орындардың бірі ретінде қарастырылды. "Бұл - қазақ халқының нағыз орталығы. Бірақ, өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл жерде қазіргі көзқараспен қарағанда, ештеңе жоқ. Жол жоқ, су жоқ, әуежай жоқ, ештеңе жоқ. Құрылыс салуға мол қаржы қажет. Сондықтан ол ел астанасын салуға қолайсыз орын болды. Бірақ ол - киелі жер, сондай болып қала бермек. Теміржол мен автокөлік жолдары салынатын болады. Келешекте бұл жер туризм орталығына, ата-баба әруағына тағзым ететін орынға айналады", - деді Президент.

Еске сала кетейік, жуырда ғалымдар Ұлытау өңірін қайта зерттеген болатын. Экспедицияны Қазақстан ұлттық география қоғамы ұйымдастырды. Оның мүшелері аймақтың туристік әлеуетін бағалады. Келешекте бұл өлкеде ұлттық саябақ салу жоспарланып отыр.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай