12 ақпан 2021 12:43

Назарбаев Университеті секілді ЖОО құрылатын қалалар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанның қай қалаларында Назарбаев Университеті секілді жоғары оқу орнын құру жоспарланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанның қай қалаларында Назарбаев Университеті секілді жоғары оқу орнын құру жоспарланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылға қарай Назарбаев Университеті тәжірибесімен Петропавл және Шымкент қалаларында екі озық өңірлік ЖОО құрылады", - деп хабарлады Мамин Мәжілістегі Nur Otan партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар, студенттердің шәкіртақысын екі есеге, магистранттар мен докторанттар шәкіртақысын бір жарым есеге арттыру жоспарланған.

2020 жылғы қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев Университеті тәжірибесімен Қазақстанда екі өңірлік жоғары оқу орны құрылатынын хабарлады. Мемлекет басшысы білім мен инновацияның жаһандық жүйесіне енген заманауи зерттеу университеттері білім экономикасының негізі болуы тиіс екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети