25 қараша 2020 13:01

Қазақстанда Назарбаев университеті тәжірибесімен тағы екі ЖОО құрылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Назарбаев университетінің тәжірибесімен екі өңірлік жоғары оқу орны құрылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Назарбаев университетінің тәжірибесімен екі өңірлік жоғары оқу орны құрылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Педагог кадрларға сұранысты арттыру және білім беру сапасын жақсарту мақсатында олардың жалақысы екі есеге артады. Заманауи зерттеу университеттері білім экономикасының негізі болуы керек. Назарбаев университеті тәжірибесімен кемінде екі озық өңірлік жоғары оқу орны құрылады", - деді Тоқаев Nur Otan партиясының съезінде.

Дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі - Тоқаев

Айта кетейік, бүгін Nur Otan партиясының съезі өтіп жатыр. Мұның алдында Президент жыл сайынғы әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 3 триллион теңгеден аса қаражат бөлінетінін және дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өсетінін мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети