Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Назарбаев үш әкіммен Ақмола облысындағы егістік алқабында кездесті

07 Қыркүйек 2015, 11:55
4
© Akorda.kz
© Akorda.kz
© Akorda.kz
© Akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев үш әкіммен Ақмола облысындағы егістік алқабында кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Мемлекет басшысы Ақмола облысына барды. Ол Зеренді ауданындағы "Викторовское" жауапкершілігі шектеулі серіктесітігін аралады - бұл кәсіпорын мал шаруашылығымен айналысады, егістігінде жыл сайын пішен дайындалады.

© Тengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев бұл ауыл шаруашылығы кәсіпорнының егістігінде үш облыстың әкімімен кеңейтілген отырыс өткізді: Ақмола (Сергей Кулагин), Қостанай (Нұралы Сәдуақасов) және Солтүстік Қазақстан облыстары (Ерік Сұлтанов).

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев механизаторлармен, комбайншылармен және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті.

Кездесу алдында Президент жұмыс кестесінің тығыз болуына қарамастан, дәстүрді бұзбай, Ақмола облысына егістік алқаптарын көру үшін келгенін мәлімдеді.

"Биылғы жағдай жаман емес. Болжам бойынша, ауа райы келесі аптада да жақсы болуы тиіс. Бұл үш облыс (Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай - Авт.) өте маңызды - бұл Қазақстан егістігінің 70 пайызы", - деді Нұрсұлтан Назарбаев сапар барысында жиын-терім науқанына дайындықтың жай-күйімен танысып. 

Мемлекет басшысы соңғы жылдарда бұл үш облысқа бөлінген субсидия көлемінің артқанын мәлімдеді. "Қайтарым бар: үш облыста өндіріс ұлғайды", - деді ол.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай