16 қыркүйек 2016 16:50

Назарбаева Баян Есентаеваның оқиғасына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаева Баян Есентаева

Сенат депутаты Дариға Назарбаева продюсер Баян Есентаевамен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат депутаты Дариға Назарбаева продюсер Баян Есентаевамен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Cенат отырысы сыртындағы әңгімелер барысында журналистер Назарбаевадан Баян Есентаеваны ұрып-соғу ісіне бойынша не ойлайтынын сұрады. Айта кетейік, Баян Есентаева жақында берген сұхбатында әйелдерді тұрмыстық зорлықтан қорғау үшін ұйым ашқысы келетінін, бірақ осы күнге дейін оған бұл мәселемен ешкімнің хабарласпағанын айтқан еді.

"Әрине, мұндай жағдайлар әйелдерге ауыр тиеді. Сондықтан бұл мәселеге келетін болсақ, әйелдерді қолдаймын. Шындық әрқашан әйелдің жағында. Егер де ер адам өзін нағыз ер адам деп санаса, ол әйелге ешқашан да қол көтермейді. Бұл сұмдық қой", - деді Дариға Назарбаева.

Осыған дейін Баян Есентаева жұртты дүрліктірген оқиғадан кейін бірінші рет сұхбат берген болатын. Видеосұхбат Динара Сәтжанның YouTube хостингіндегі арнасында пайда болды.

Еске салайық, Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети