1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Ninety One, радиомарафон, 16 сағат Live эфир". Жұлдыз FM алты жылдығын қалай атап өтеді? 18 қараша 2020, 12:42

Биыл Жұлдыз FM радиосы 6 жылдығын атап өтеді. Соған орай, жылдағы дәстүр бойынша, радиомарафон ұйымдастырылмақ. 20 қарашада таңғы сағат 8-ден
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Биыл Жұлдыз FM радиосы 6 жылдығын атап өтеді. Соған орай, жылдағы дәстүр бойынша, радиомарафон ұйымдастырылмақ. 20 қарашада таңғы сағат 8-ден түнгі 12-ге дейін радио жүргізушілері 16 сағат бойы, үзіліссіз тікелей эфир жүргізеді және радиомарафонның басты тосынсыйы - радиоға алғаш рет Ninety One тобы келіп, сұхбат береді. Бұл туралы әуе толқынының бас редакторы Анар Мыңбаева Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

"Жұлдыз FM радиосы 2014 жылдың қараша айынан хабар тарата бастады. Аз ғана уақыт ішінде еліміздің түкпір-түкпірінен тыңдармандарын тауып, талғамынан шыға білді. Еліміздің 18 қаласына тарайды. Жұлдыз FM - Қазақстандағы тек қана ана тілімізде хабар тарататын және бағдарламалары телеарнадан қатар көрсетілетін жалғыз радиостанция. Басты мақсаты - тыңдармандарға сапалы музыкалық контент ұсынып, пайдалы, әрі өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету, тәрбиесі мен тағылымы мол бағдарламалар жасау. Радио бастапқыда жастарға арналған бағытта ашылғанымен, бүгінде еңбектеген бала мен еңкейген қартқа дейін тыңдайтын көпшіліктің сүйікті радиосына айналды", - деді бас редактор.

Ашылғанына небәрі 6 жыл өтсе де, бүкіл Қазақстан бойынша миллиондаған тыңдарманның жүрегінен орын тапқан Жұлдыз FM радиосын елімізге танымал тұлғалар, эстрада жұлдыздары, кино әлемінің майталмандары келіп, құттықтайды. Олардың ішінде Жұбаныш Жексенұлы, Жеңіс Ысқақова, Айқын Төлепберген, Қуандық Рахым, Әбдіжаппар Әлқожа, Айкерім Қалаубаева, Кенжебек Жанәбілов, Нұрболат Абдуллин, Ернар Айдар, Бейбіт Кушкалиев, Серік Ибрагимов, Әли Оқапов, AYREE, Ғазизхан Шекербеков, Ұшқын Жамалбек, Қайрат Әділгерей, Альбина Шардарова, Әзімбек Байлин, Жасұлан Базарбаев, Салтанат Бақаева, "Жігіттер", "Меломен", "Заман", "Алашұлы" тобы мен Жетінші арна жобаларының жұлдыздары – Мереке Құлбаева, Мадина Оспан мен Ақбота-Нұр Сейтмағамбет және тағы да басқалары бар.

"Радиода жүргізушілер, дыбыс инженерлері, бухгалтерия, коммерциялық бөлім бәрін есептегенде, 20 шақты адам еңбек етеді. Тыңдармандар үшін "Таңғы шоу", "Кешкі шоу", "Сәлем саған, туған ел", Жұлдыз Dance, Zhuldyz TOP секілді бағдарламалар мен сағат сайын жаңалықтар шығады. Күн сайын жүргізушілер жалпы алғанда 7 сағат тікелей эфир жүргізеді", - дейді Анар Мыңбаева.

Биылғы радиомарафон аясында көпшіліктің көзайымына айналған Ninety One тобы радиоэфирде қонақ болады. Аталған топ радиоларға жиі сұхбат бермейді. Бас редактордың айтуынша, бұл тыңдармандар үшін жақсы жаңалық болмақ.

"Биылғы радиомарафонның басты тосынсыйы - Жұлдыз FM радиосына алғаш рет Ninety One тобы келіп, сұхбат береді.16 сағаттық радиомарафон алғаш рет 2015 жылы Жұлдыз FM радиосының 1 жылдығына орай ұйымдастырылып, содан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді", - деді ол.

Жұлдыз FM – күн сайын 8 сағат тікелей эфир өтетін, сағат сайын еліміздегі ең соңғы жаңалықтармен хабардар ететін, жаңадан шыққан әндердің "тұсаукесері" жасалатын, ең танымал жұлдыздармен эксклюзив сұхбаттар жүргізілетін, таңнан кешке дейін сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеретін радио.

Жұлдыз FM радиосы – 2016 жылы "Жылдың үздік радиосы" атанып, "Халықтың сүйіктісі" жүлдесін жеңіп алған. "Толқын" (2018), "Үркер" (2018) сыйлығының иегері.