Ноғаевтың баспасөз қызметі "шындықты жайып салған" қарияға қатысты мәлімдеме жасады

15 Мамыр 2017, 23:33
0
Ноғаевтың баспасөз қызметі "шындықты жайып салған" қарияға қатысты мәлімдеме жасады - © Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
© Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі ауыл қариясының "крышасы" бар браконьерлер туралы шындығына" қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Аққыстау аулының тұрғыны Сағынғали қария облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа "крышасы" бар браконьерлердің көп екенін айтып, заңсыздықтан араша сұраған еді. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңсыз балық аулау мен су маржанын көбейту жолындағы күрес бәсеңсімейді. "2 ай ішінде елдің батысындағы үш облыста заңсыз ауланған 60 тоннадан астам балық пен 3 мыңға жуық балық аулау құралдары тәркіленді", - делінген хабарламада.  

Айтуларынша, "Бекіре-2017" акциясының аясында барлығы 711 заңсыздық тіркеліп, оның 100-ге жуығына қылмыстық іс қозғалған. Балық санын көбейту үшін жасалатын Жайық өзеніндегі "Яицкий" және Қиғаш өзеніндегі "Ганюшкино" каналдарын тереңдету жұмысының шешімі биыл табылғаны да белгілі болды. Бұл жұмыс балықтардың уылдырық шашуына қолайлы жағдай туғызып, су маржанының қыстайтын шұңқырларына жетуін оңайлата түспек. Жұмыс биыл үшінші тоқсанда басталады деп жоспарланған.


© Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетелік, биылға дейін Жайық өзенінің 16 шақырымын тереңдету жобасы жүрген еді.

Естеріңізге салайық, балық уылдырық шашатын мезгілде су көлігін жүргізу ережесіне наразы болған бір топ атыраулық азамат сәуірде билік өкілдерімен қақтығысты. Себебі, балық қорғаумен айналысатын инспекция су жануарының көбеюіне кедергі болмау үшін моторының қуаты 20 аттың күшінен асатын қайықтарды теңізге шығармай қойған. Кейін наразылық танытқан 37 адамның тұрақты жұмысқа орналасуға келіскені белгілі болды.


© Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірнеше күн өткен соң заңсыз ауланған 4 тонна балықтың Ресейге өтіп кеткені анықталып, көп ұзамай жергілікті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтақ инспекциясының басшысы Мұрат Ермекқали өз еркімен жұмысынан кету туралы арыз жазды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Исатай ауданы тұрғындарын жұмыспен қамту бағытындағы шаралар күшейген. Мәселен қазір ауданда 2 мамандық бойынша кәсіптік білім беруді ұйымдастыру жүзеге асырылып жатыр, жақын мезгілде колледж ашу мәселесі де көтерілген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай