01 сәуір 2022 18:00

"Номад Коды" Заманауи Көшпенділер Форумында қазақстандық брендтерді əлемде дамыту талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"НОМАД КОДЫ" Заманауи Көшпенділер Форумының қатысушылары қазақстандық брендтерді əлемдік аренада қалай ілгерілету керектігін талқылады 1 сəуірде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның елдік бірегейлігі мен брендингін іздеуге арналған бірқатар іс-шара өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"НОМАД КОДЫ" Заманауи Көшпенділер Форумының қатысушылары қазақстандық брендтерді əлемдік аренада қалай ілгерілету керектігін талқылады 1 сəуірде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның елдік бірегейлігі мен брендингін іздеуге арналған бірқатар іс-шара өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басты оқиға бизнес өкілдерін, сəн индустриясы мамандарын жəне мемлекеттік органдар өкілдерін біріктіріп, елдік брендинг жəне Қазақстанды халықаралық аренада бренд ретінде ілгерілету мəселелерін талқылау үшін "НОМАД Коды" Заманауи Көшпенділер Форумы болды. Форумға қатысушылар Қазақстанда креативті индустрияларды дамытудың жəне олардың мемлекетпен үздіксіз ынтымақтастығының маңыздылығын талқылады, ал кəсіпкерлер қазақстандық брендтерді шетелде дамыту жəне ілгерілету тəжірибесімен бөлісті. Форумға қатысуға Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Қырғызстан, АҚШ-тан (ішінара онлайн) спикерлер шақырылды.

"Бүгін мемлекеттің жасампаздықты дамытуды қолдауға нық ниеті бар. Өткен жылдың соңында Үкімет осындай индустрияларды дамыту Тұжырымдамасын қабылдады жəне қазіргі уақытта оны жоспарлы іске асыру жүргізілуде. Министрдің тапсырмасы бойынша Министрліктің бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдары өз есіктерін ашып, креативті жастарға арналған өз залдарына, студиялары мен жабдықтарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, Елорданың Бейбітшілік жəне Келісім сарайында алғашқы креативті хаб құру жоспарлануда, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі базасында қолөнершілер орталығын ашу қарастырылуда", - деді ҚР Мəдениет жəне спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

2022 жылдың күзінде Алматыда қолөнершілердің халықаралық форумы өтеді, бұл туралы "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ өкілдері хабарлады.

"Қолөнершіліктің дамуы ұзақ уақыт бойы тиісті қолдау таппады. Алайда, соңғы жылдары қолөнершілерге жағдай жасау, соның ішінде қолөнер орталықтарын ашу бойынша мемлекет пен бизнестің тығыз жұмысы жүріп жатыр. Ковидтік жылы "Kazakh Tourism "Ұлттық Компаниясы" ауқымды зерттеу жүргізді, оның қорытындысы бойынша қолөнершілікті реттеу мен ұйымдастырудан бастап, шикізат, Білім жəне маркетинг мəселелеріне дейінгі барлық ауырсыну нүктелері анықталды. Алынған деректерді пайдалана отырып, форум алаңында қолөнершілердің қалыптасқан отандық жəне шетелдік брендтермен коллаборациясы сияқты қолөнершілікті дамыту мəселелері бойынша нақты кейстер мысалында əртүрлі шешімдер ұсынылатын болады. Форум туралы толығырақ ақпарат жақын арада ұлттық компанияның сайтында орналастырылады", - дейді "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ Басқарушы директоры Даниэль Сержанұлы.

"ForteBank" АҚ маркетинг директоры Антон Ким креативті кластерлерге бизнес инвестицияларының маңыздылығы тақырыбында сөз сөйледі.

"Соңғы бірнеше жыл адамдар үшін əсіресе қиын болды - біз елестете алатын да алмайтын барлық нəрсе өзгерді. Тарихтың осындай бетбұрысты сəттерінде бизнес, қоғам көшбасшылары мен мемлекет қайраткерлері күш біріктіріп, ерекше қажет жерлерде айырмашылық жасауы керек. Біз ForteBank-те қазір экономиканың креативті кластерлерін - өнертапқыштарды, конструкторларды, инженерлер мен дизайнерлерді, визионерлерді жəне өз қолдарымен болашаққа жаңа көзқарас қалыптастыратын басқа да адамдарды қолдау бұрынғыдан да маңызды деп санаймыз. Олар не істесе де - жиһаз жасау, киім тігу, аксессуарлар жасау, қалалық кеңістікті жобалау - бүгінгі күнде біздің жерімізде ойлап табылған жəне жасалған барлық нəрсе өте маңызды. Мұны өзімізді қаншалықты күшті жəне керемет нəрселер жасай алатынымызды дəлелдеу үшін жиі-жиі көрсетіп тұру керек", - дейді Антон Ким.

Сонымен қатар форум Global Nomads Fashion Awards халықаралық жас дизайнерлер байқауының қорытынды іс-шарасы мен финалдық фэшн-көрсетілімінің өтетін алаңына айналды. Əр түрлі қалалар мен елдерден (Қазақстан, Ресей, Түркия) жобаның финалистері қазіргі көшпендінің өзіндік ерекшелігі мен бейнесін бейнелейтін өз коллекцияларын көрсетті. Өз жұмыстарында дизайнерлер табиғи материалдарды, сондай-ақ қайталама шикізат материалдарын қолдануға назар аударып, саналы тұтыну жəне тұрақты сəн тақырыбын ашты.

Конкурстың бастамашысы - кəсіпкер, Mimioriki жəне Global Nomads киім брендтерінің негізін қалаушы Инна Апенко атап өткендей, конкурстың негізгі тақырыбы өткен шақ, қазіргі уақыт жəне болашақ призмасынан өткен заманауи көшпенді болды.

"Біз бренд ретінде сандық болашақ əлеміндегі күш пен шабыт көзі ретінде халқымыздың көшпелі мұрасын зерделеуге тырысып, Қазақстанның елдік бірегейлік тақырыбын бұрыннан зерттеп келеміз. Бүгінгі таңда елдер өздерінің брендтерімен жəне олардың артындағы құндылықтарымен бəсекелеседі, ал брендтер мен олардың шығармашылық өнімдерін жасайтын біз - адам баласы! Байқау аясында біз шығармашылық жастарға заманауи көшпенділер кодын ұғынуға қосылуды жəне нəтижесінде Қазақстанның ДНҚ-сын бейнелейтін бірлескен коллаборациялық коллекция құруды ұсындық", - деді ол.

Форумда алғаш рет қазақстандық Global Nomads брендінің жəне DIGIT IN агенттігінің (Настасья Некрасова, Ольга Лисицына, Мария Шевченко, Анастасия Морозова, Наталья Гусельман, Арина Снегирева, Анна Дедовская) 3D fashion дизайнерлер командасының Ася Алыпованың авторлық музыкалық сүйемелдеуімен виртуалды киім топтамасы таныстырылды. Жинақта Қазақ мифтері мен аңыздары, сондай-ақ адамды қоршап тұрған элементтер бейнеленген. Бұл NFT платформасында орналастырылатын қазақстандық брендтің алғашқы топтамасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети