06 қазан 2023 09:32

Ноутбуктағы камераны жауып қоюдың қажеті бар ма? Сарапшы пікірі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Freepik Freepik

Көптеген қазақстандық тыңшылықтан қорқып, ноутбук, планшет, ал кейбіреулері тіпті смартфондардағы камераларды жабуды жөн көреді. Киберқауіпсіздік, IT және коммуникациялар саласындағы сарапшы Евгений Питолиннің айтуынша, мұндай қорқыныш негізсіз емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшының айтуынша, киберқылмыскерлер құрылғыларыңыздағы камераға шынымен де қолжеткізе алады. Тіпті камера жабылған болса да, бұл деректердің тарап кетуінен қорғамайды.

"Егер қаскөй камераңызға жол тапса, әдетте олар микрофон мен динамиктерге қолжеткізе алды. Әдетте ноутбукта бұл бір құрылғы. Осыған байланысты олар кем дегенде сіздің әңгімеңізді жазып алады. Сондықтан, бұл құрылғыларды өшіре білу маңызды", - деді Питолин.

Сарапшының пікірінше, веб-камераңыз бұзылғанын көрсететін ықтимал белгілердің бірі - құрылғыны жеке пайдаланбаған кезде оның индикаторының кездейсоқ қосылуы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети