27 шілде 2019 15:19

Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары жаңа қызметке тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Тұрлыбек. © astana.gov.kz Арман Тұрлыбек. © astana.gov.kz

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің бұйрығымен Су ресурстары комитетінің төрағасы болып Арман Алашұлы Тұрлыбек тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі


ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің бұйрығымен Су ресурстары комитетінің төрағасы болып Арман Алашұлы Тұрлыбек тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі

Осыған дейін, ол Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Мағзұм Мырзағалиев оны ұжымға таныстыра отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су ресурстары комитетінің алдында маңызды стратегиялық міндеттер тұрғанын, алда үлкен жұмыс тұратынын атап өтті. Ол сондай-ақ ведомствоның барынша ашық қызметін жүргізудің маңыздылығын айтты. 

Тұрлыбек Арман Алашұлы 1971 жылы 6 мамырда дүниеге келген, ұлты - қазақ. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "тауартанушы-комменсант" мамандығы бойынша, 2005 жылы Қазақстан - Ресей университетін "юриспруденция" мамандығы бойынша, 2007 жылы "экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған

2014 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін "Электр энергетикасы" мамандығы бойынша бітірген. 1993-1999 жылдар аралығында Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының бірқатар коммерциялық құрылымдарының басшысы болып жұмыс істеді. 1999 жылдың желтоқсан айынан 2000 жылдың сәуір айына дейін Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы болды. 2000 жылдың сәуірінен 2007 жылдың мамырына дейін-Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары. 2007 жылдың мамыр айынан 2008 жылдың сәуір айына дейін - "Қарағанды облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті"ММ директоры.

2008 жылдың сәуір айынан 2008 жылдың қыркүйек айына дейін Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі қызметін атқарды. 2008 жылдың қыркүйек айынан 2010 жылдың мамыр айына дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2010 жылғы мамырдан 2010 жылғы желтоқсанға дейін-Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі; 2010 жылдың желтоқсан айынан 2014 жылдың қыркүйек айына дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2014 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы шілдеге дейінгі кезеңде - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі; 2016 жылғы шілдеден бастап 2016 жылғы қазанға дейін - Астана қаласы әкімінің кеңесшісі және Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети