21 мамыр 2021 13:45

Нұр-Сұлтан әуежайындағы жанжал: тұрғынның әкесі оқиғаның мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 мамырда Нұр-Сұлтан әуежайында қызметкер мен ер адам арасында жанжал болды. Жанжал шығарды деген тұрғынның әкесі Қуат Туканов пен Халықаралық әуежайдың атқарушы директоры Дәулет Хамзин жағдайдың егжей-тегжейін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


19 мамырда Нұр-Сұлтан әуежайында қызметкер мен ер адам арасында жанжал болды. Жанжал шығарды деген тұрғынның әкесі Қуат Туканов пен Халықаралық әуежайдың атқарушы директоры Дәулет Хамзин жағдайдың егжей-тегжейін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанжал шығарды деген тұрғынның әкесі Қуат Туканов ұлы қорғану үшін қол көтергеніне сенімді.

"19 мамырда ұлымды автокөлікпен бизнес серіктесті күтіп алуға әуежайға жіберген. Әуежайда сырттан рейстер тақтасы көрінбегендіктен ішіне кірген. Маска таққан және қоршаудан ары өтпеген. Сол кезде оған авиациялық қауіпсіздік қызметінен үш адам келген. Үшеуінің бірі оның алдына тұрып, бір уақытта ұлымның кеудесіне екі рет, сол және оң жақтан соққы жасаған. Ол бейнежазбада анық көрінеді. Ондай соққы әдісі адамда жүрек аритмиясын тудыру үшін жасалады. Одан тізе буындары ұстамай қалады.

Ұлым осы соққыдан бір қадам артқа жылжиды, кейін әуежай қызметкері үшінші соққыны жасау үшін оған жақындайды. Бала қорғану мақсатында оны шынтағымен басынан итеріп жіберген. Полиция оны соққы ретінде тіркеді. Ол басқа әрекет жасамады, яғни қорғаныстан тыс шара қолданбады. Ол екі соққы алғанан кейін үшіншісінен қорғану үшін иетерген. Шынтақпен итергенді соққы деп қалай айтуға болады?" - деді Қуат Туканов.

Оның айтуынша, әуежай қызметкері әріптестеріне қарай құлаған. Ал баласы жағдайды шиеленістірмес үшін сыртқа шығып, бизнес серіктесін сонда кездестірген. Ер адам әуежай жалған ақпарат беріді және қызметкер Қылмыстық кодекстің екі бабын бұзды деп санайды.

Қуат Туканов ұлы әуежай қызметкері үстінен бұзақылық негізінде өкілеттіктерін асыра пайдалану және әуежай өкілі тарапынан жала жабу дерегі бойынша арыз жазатынын айтты.

Әуежайдың атқарушы директоры Дәулет Хамзин ер адам әуежайға Ashyq жүйесімен тексеруден өтпей кіруге тырысқанын айтты. Ол қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескертті.

"Қауіпсіздік қызметкері өтуге тыйым салынғаны туралы ескерткеннен кейін ер адам шабуыл жасады. Біз оқиға орнынан бірден қашып кеткен жолаушыны табу үшін шаралар өткіздік. Оны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа жүгінеміз", - деді атқарушы директор журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Әуежай атқарушы директоры қызметкер өз міндеттерін орындады деп санайды.

"Бейнебақылау камераларындағы жазбаны зерттей отырып қызметкер өз міндеттерін орындағанын, жолаушыға кіруге болмайтынын түсіндіруге тырысқанын көрдік. Тергеу шаралары мен сот талқылауы барысында ол кешірім сұрайды деген үміттенеміз", - деді директор.

Айта кетейік, 19 мамырда Нұр-Сұлтанда белгісіз біреу Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежай қызметкеріне шабуыл жасап, жол талғамайтын көлікке мініп қашып кеткені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети