09 маусым 2021 17:41

Нұр-Сұлтан әуежайындағы жанжал: сот шешімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты елорда әуежайының қызметкері мен келуші арасындағы жанжал туралы іс бойынша шешім жасады. Оқиға туралы жаңа деректер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты елорда әуежайының қызметкері мен келуші арасындағы жанжал туралы іс бойынша шешім жасады. Оқиға туралы жаңа деректер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот қаулысына сәйкес, елорданың әуе айлағындағы жанжалға кінәлі деп әуежай қызметкері танылды. Ол келушіні ұрғаны хабарланды.

"М.Б. Төлегеновтың ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігінде көзделген "Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау" әкімшілік құқық бұзушылық дерегін дәлелдер жиынтығы растады: 2021 жылғы 24 мамырдағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада қамтылған нақты мәліметтер, сондай-ақ осы әкімшілік істің басқа да материалдары", - деді Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметіндегілер.

Алайда іс тоқтатылды, әуежай қызметкері тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.

"Сот кезінде Т. жәбірленушімен татуласқанын айтты. Жәбірленуші Т. татуласуына байланысты Т-ны әкімшілік жауапкершіліктен босатуды сұрады, оған ешқандай шағым айтпады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады соттағылар.

Бұған дейін әуежайда жанжал шығарды деген тұрғынның әкесі Қуат Туканов ұлы қорғану үшін қол көтергенін айтқан.

"19 мамырда ұлымды автокөлікпен бизнес серіктесті күтіп алуға әуежайға жіберген. Әуежайда сырттан рейстер тақтасы көрінбегендіктен ішіне кірген. Маска таққан және қоршаудан ары өтпеген. Сол кезде оған авиациялық қауіпсіздік қызметінен үш адам келген. Үшеуінің бірі оның алдына тұрып, бір уақытта ұлымның кеудесіне екі рет, сол және оң жақтан соққы жасаған. Ол бейнежазбада анық көрінеді. Ондай соққы әдісі адамда жүрек аритмиясын тудыру үшін жасалады. Одан тізе буындары ұстамай қалады.

Ұлым осы соққыдан бір қадам артқа жылжиды, кейін әуежай қызметкері үшінші соққыны жасау үшін оған жақындайды. Бала қорғану мақсатында оны шынтағымен басынан итеріп жіберген. Полиция оны соққы ретінде тіркеді. Ол басқа әрекет жасамады, яғни қорғаныстан тыс шара қолданбады. Ол екі соққы алғанан кейін үшіншісінен қорғану үшін иетерген. Шынтақпен итергенді соққы деп қалай айтуға болады?" - деді Қуат Туканов.

Айта кетейік, 19 мамырда Нұр-Сұлтанда белгісіз біреу Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежай қызметкеріне шабуыл жасап, жол талғамайтын көлікке мініп қашып кеткені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети