14 мамыр 2021 10:56

Нұр-Сұлтан маңындағы ауыл тұрғындары қоқыс алаңына шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter.com/MirzagalievKZ Фото: twitter.com/MirzagalievKZ

Ақмола облысында тұрғындар ауыл іргесіндегі қоқыс үйіндісіне шағымданды. Олардың айтуынша, қоқыстың жағымсыз иісі бар, оның үстіне жол жаман, - деп хабарлайды 24.kz.


Ақмола облысында тұрғындар ауыл іргесіндегі қоқыс үйіндісіне шағымданды. Олардың айтуынша, қоқыстың жағымсыз иісі бар, оның үстіне жол жаман, - деп хабарлайды 24.kz.

Тайтөбе елді мекені Нұр-Сұлтан қаласынан небәрі 12 шақырым жерде. Тұрғындардың айтуынша, бірнеше жыл бұрын, ауыл іргесінен қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны ашылған. Полигонға кіру қатаң тексеріледі. Оны тек арнайы техника кіруі үшін ашады.

"КамАЗ көліктері қоқыс тасиды. Олар жолдың бәрін бұзды. Ал қоқыс қайдан шығып жатыр? Жол жаман, жеңіл көліктер жүре алмайды", - деді Тайтөбе тұрғыны Алтыншаш Серғазина.

Басылым мәліметіне сүйенсек, Нұр-Сұлтаннан 12 шақырым жердегі Тайтөбе кенті маңындағы қоқыс полигоны екі жыл бұрын іске қосылған. Мұнда бүкіл ауданның қоқысы әкелінеді. Көлемі де жыл сайын ұлғайып барады.

"Бүкіл Қосшы, "Лесная поляна" онда 30 мың адам тұрады. Ондағы бүкіл қоқыс осында әкелінеді. Сұрақ: бизнес әлде тұрғындар? Бизнес адамдардан жоғары. Бізде қоқыс шығаратын бір ғана компания бар. Ол тендерді жеңіп алған "Қосшы тазалық" компаниясы", - деді Тайтөбе тұрғыны Әлия Қалиасқарова.

Басылым мәліметі бойынша, жауапты компания басшылығына хабарласу мүмкін болмаған. Жергілікті әкімдік басшылығы да жұмыс орнында болмаған. Шенеуніктердің ұялы телефондары да сөндірулі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети