29 наурыз 2020 13:31

Нұр-Сұлтан мен Алматыда банктер жұмысын тоқтатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында екінші деңгейлі банктер жұмысын тоқтатады, деп Tengrinews.kz тілшісі ҚР ұлттық банкіне сілтеме жасап.


30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында екінші деңгейлі банктер жұмысын тоқтатады, деп Tengrinews.kz тілшісі ҚР ұлттық банкіне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің хабарлауынша, 30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы екінші деңгейлі банктердің кассалық-есептік бөлімдерінің жұмысы тоқтатылады.

"Осы уақыт аралығында заңды және жеке тұлғалардан төлем қабылдау және ақша аудару интернет, мобильді банкинг арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады. Қолма-қол ақшаны алуға, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға және жеке тұлғалардың банктік шоттарын толтыруға арналған банкоматтар мен терминалдардың жұмыс істеуін банктер әдеттегідей қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ҚР ұлттық банкіне қарасты қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы банктердің, қазынашылық комитетінің және нарықтың басқа қатысушыларының төлемдерін өңдеудегі жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.68   490.7   4.99 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети