17 желтоқсан 2020 17:50

Нұр-Сұлтан тұрғындары мыңнан аса ту ілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елорда тұрғындары "Менің Туым. Менің Отаным!" челленджін қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елорда тұрғындары "Менің Туым. Менің Отаным!" челленджін қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік сайтына сілтеме жасап. 

Осылайша, "Думан" қонақүйінің қасбетіне, терезелер мен балкондарға 30 ту ілінді. Қазақстан Республикасының үлкен туы "Хан шатыр" сауда ойын-сауық орталығында орнатылды. Сондай-ақ акцияны тұрғындар, үкіметтік емес ұйымдар балкондарда Қазақстан Республикасының туын орналастырып, шетелде білім алып жатқан студенттер де қолдады.

"Әр қазақ баласы үшін тәуелсіздіктен терең, азаттықтан асыл ұғым жоқ шығар. Мінекей, қаншама ғасыр армандаған көк туымыз көгімізде желбіреп тұр. Елбасымыз айтқандай, тәуелсіздікті қолдан ұшырып алу - бабалар аманатына қиянат. Сондықтан ұлт болып келер ұрпаққа тәуелсіздікті аман-есен табыс етуді Алла нәсіп етсін. Әр қазақтың шаңырағына береке, бірлік тілеймін. Елдігіміз жасай берсін!", - дейді әнші, спортшы Ибрагим Ескендір.

Айта кетейік, қаланың орталық көшелерінде (Тәуелсіздік, Бауыржан Момышұлы, Сарайшық, Сықанақ, Ахмет Байтұрсынұлы, Республика Ж.Тәшенев және т.б.) жол бойында Қазақстан Республикасының тулары ілінді. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласының айналасында мыңнан астам ту ілінген. 

Сонымен қатар азаматтар #МеніңТуым #МеніңТуымМеніңОтаным #МойФлагМояРодина #ЦветМоейРодины #БіздіңОртақМереке #НашОбщийПраздник хэштегімен посттар, фотолар, видео мен Қазақстан Республикасының туымен байланысты сюжеттерді жариялау арқылы белсенді бола алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети