17 ақпан 2020 16:27

Нұр-Сұлтанда ардагерлерге 850 мың теңгеден берілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 850 мың теңгеден берілуі мүмкін. Бұл туралы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтандағы жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету ережелері жобасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне қосымша әлеуметтік көмек: 1) біржолғы ақшалай төлем; 2) бірыңғай киім формасымен қамтамасыз ету; 3) тегін жол жүрумен қамтамасыз ету түрінде көрсетіледі.

Жеңіс күніне орай ардагерлерге біржолғы ақшалай төлем 850 000 теңге болады деп жоспарланған.  

Ардагерлерді қамтамасыз ететін киімнің толық жиынтығына сұр костюм, сұр пальто (плащ), берет және көгілдір түсті галстук, ақ жейде, қара түсті аяқ киім кіреді.

Сондай-ақ, ардагерлерге 2020 жылы бір рет ТМД елдері мен Қазақстан аумағы бойынша темір жол және (немесе) әуе көлігімен қаһарман қалаларға, жауынгерлік даңқ орындарына, әскери жерлеу орындарына және әскери ескерткіштерге бару үшін тегін жол жүру ұсынылады.

Әлеуметтік көмекті қаржыландыру Нұр-Сұлтан бюджетінен жұмсалады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети