17 маусым 2021 11:34

Нұр-Сұлтанда әуеге көтерілген ұшақ неге оралғаны айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақтың көп ұзамай елорда әуежайына қайтуының себебі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақтың көп ұзамай елорда әуежайына қайтуының себебі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін 16 маусымда түстен кейін FlyArystan ұшағы рейсті орындай алмағаны хабарланған еді. Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының өкілдері борт техникалық себептерге байланысты оралғанын мәлімдеді.

Tengrinews.kz редакциясы әуекомпания баспасөз қызметіне жүгінді. Бірақ олар жағдайды ауызша түсіндіруден бас тартып, ресми сұраныс жіберуді сұрады. Осыған байланысты редакция Air Astana әуекомпаниясына жүгінді. FlyArystan оған еншілес ұйым саналады.

"А320 ұшағын қайтарудың себебі - үш гидрожүйенің бірінің істен шығуы. Рейстің жолаушылары басқа ұшақпен сағат 00.30-да ұшып шықты. Кейін әуе кемесінің техникалық ақаулары жөнделіп, 17 маусымда басқа рейсті орындады", - деді Air Astana баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети