12 мамыр 2022 11:10

Нұр-Сұлтанда қызды аман алып қалған ер адамның отбасын шекарашылар құттықтады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/shekaraknbkz, видео кадры Фото:instagram.com/shekaraknbkz, видео кадры

Қызылорда облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің қызметкерлері Нұр-Сұлтанда кішкентай қызды 8-қабаттан қағып алған Сәбит Шонтақбаевтың отбасын құттықтап, ол қалай қызмет еткенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылорда облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің қызметкерлері Нұр-Сұлтанда кішкентай қызды 8-қабаттан қағып алған Сәбит Шонтақбаевтың отбасын құттықтап, ол қалай қызмет еткенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"11 мамырда Сәбит Шонтақбаев Нұр-Сұлтан қаласында біреудің қайғысына бейжай қарамай, өлім аузында тұрған 3 жасар баланың өмірін құтқарып қалды", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Ведомство мәліметінше, бұған дейін Сәбит Қызылорда облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінде қызмет еткен.

"Расымен де, Шонтақбаев қызметте спортпен белсенді айналысқан. Күнделікті дене шынықтыру және шынығу ерік-жігер мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Ол ел шебін қорғауға, тұрғындардың бейбіт өмірін сақтауға әрдайым шыңдалды. Запасқа шықса да, шекарашы болуын тоқтатқан жоқ. Сол себепті де, сол күні Сәбит жай қарап тұра алмады", - деді ведомство өкілі.

Оқиғаны естіген әріптестері оның игілікті де батыл әрекеті үшін алғыс айтуға батырдың шаңырағына асыққан.

Сол күні Шонтақбаевтар отбасында қонақ көп болды. Жұбайының телефонына да үздіксіз қоңырау түскен. Балалардың жүзінен әкесіне деген мақтаныш байқалады.

"ҰҚК Шекара қызметінде ведомство мақтан тұтатын батырлар бар. Шекара күзетшілері теңізде апатқа ұшыраған адамдарға, шөлді далада, су тасқынында, боранда, адасқандарға талай көмекке келді. Өйткені олар қызметтен тыс уақытта да шекарашы болып қала береді және әрқашан көмек қолын созуға дайын", - деді Қызылорда облысы бойынша ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР ҰҚК Шекара қызметі (@shekaraknbkz)

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда ер адам 8-қабаттың терезесінен құлаған қызды қағып алғаны хабарланған еді.

8-қабаттан қызды қағып алған ер адамға блогер үй алып бермек

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети