26 сәуір 2021 13:45

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй маңында қозғалыс жылдамдығы төмендеуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: kn.ks.ua Иллюстрациялық фото: kn.ks.ua

Елорданың тұрғын үй алаптарының жеке секторында көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығы сағатына 40 шақырымға дейін шектеу мәселесі қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Елорданың тұрғын үй алаптарының жеке секторында көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығы сағатына 40 шақырымға дейін шектеу мәселесі қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апат санын төмендету мақсатында Полиция департаменті елорданың жеке секторының негізгі жолдарында (Ильинка, Үркер, Көктал, Агрогородок, Железнодорожный, Пригородный, Интернациональный, Күйгенжар, Мичурино) ең жоғары жылдамдықты сағатына 40 шақырымға дейін шектеу туралы мәселені қарастырып жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тәжірибелік нұсқа көлік құралдарының жылдамдығын мәжбүрлеп төмендету үшін пандус түріндегі жаяу жүргіншілер өтпесі қолданылады.

"Бұл шаралар құқық бұзушылықтардың тиісті профилактикасын және жол-көлік оқиғаларының, оның ішінде жаяу жүргіншілердің жүруіне және көлік құралдардың ең жоғары жылдамдықты арттыруға байланысты оқиғалардың алдын алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Апаттар бойынша талдау нәтижесіне сәйкес, 2020 жылдың 12 айында аталған тұрғын үй алаптарында 914 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде 900-ден астам адам түрлі дәрежедегі жарақат алған", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети