Нұр-Сұлтандағы жол апаты: 2 жасар бала жансақтау бөлімінде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы жол апаты: 2 жасар бала жансақтау бөлімінде

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Нұр-Сұлтанда 22 маусымда болған жол апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"22 маусым сағат 21.18-де 103 пультіне көліктің бірнеше адамды қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жол апаты  салдарынан 4 адам зардап шекті: 1990, 2001, 1998 жылғы қыздар және 2018 жылғы бала.

2018 жылғы бала бас жарақатын алған. Ол №2 көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Жағдайы тұрақты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр", - деді басқармадағылар.

Қазіргі таңда баланы нейрохирургия бөліміне ауыстыру жоспарланып отыр екен. Қалған зардап шеккендерТравматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жіберілді.

Еске салайық, мұның алдында Нұр-Сұлтанда мас әйелдің бірнеше адамды қағып кеткені хабарланған болатын. 22 маусымда сағат 21.03-де мас әйел мінген Mazda көлігі Қосшығұлұлы көшесінің бойымен Бейсеков көшесі жақтан келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Кейін тротуарда 2001 және 2002 жылғы екі қызды, сондай-ақ балаарбадағы екі жасар баланы қағып кеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +34
Ақтау +37
Ақтөбе +30
Атырау +29
Б
Балқаш +39
Ж
Жезқазған +33
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +32
Қ
Қостанай +42
Қызылорда +32
П
Павлодар +27
Петропавл +31
С
Семей +33
Т
Талдықорған +35
Тараз +41
Түркістан +29
О
Орал +30
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер