24 маусым 2020 10:01

Нұр-Сұлтанда мас әйел бірнеше адамды қағып кетті. Жол-апатына қатысты жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда болған жол апатына қатысты жаңа деректер шықты. Зардап шеккен қыздардың сіңлісінің айтуынша, жүргізуші әйел адам жол апатына бірнеше секунд қалғанда рөлді қолсыз-ақ басқара алатынын айтқан, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".


Нұр-Сұлтанда болған жол апатына қатысты жаңа деректер шықты. Зардап шеккен қыздардың сіңлісінің айтуынша, жүргізуші әйел адам жол апатына бірнеше секунд қалғанда рөлді қолсыз-ақ басқара алатынын айтқан, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Сол күні Алина мен Дильназ серуендеп, үйге қайтып келе жатқан. 

Көлік олардың сіңлісін де басып кете жаздаған екен. Оның айтуынша, көлік жақындап келе жатқанда ол онда отырған жүргізушіні көрген.

"Ол көліктің терезесі ашық тұрғанына мақтанды. Қолсыз-ақ рөлді басқара алатынын айтты. Оны қауіпсіздік жастығы қорғап қалды", - дейді ол.

Зардап шеккен қыздардың туысы Гүлжамал Мұхамеджанова көлікке қалай ғана мас күйде отыруға болатынын түсінбеймін дейді.

Нұр-Сұлтандағы жол апаты: 2 жасар бала жансақтау бөлімінде

Еске салайық, мұның алдында Нұр-Сұлтанда мас әйелдің бірнеше адамды қағып кеткені хабарланған болатын. 22 маусымда сағат 21.03-де мас әйел мінген Mazda көлігі Қосшығұлұлы көшесінің бойымен Бейсеков көшесі жақтан келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Кейін тротуарда 2001 және 2002 жылғы екі қызды, сондай-ақ балаарбадағы екі жасар баланы қағып кеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети