30 шілде 2021 14:51

Нұр-Сұлтанның жедел жәрдем қызметкерлері коронавирус жұқтырғандар туралы айтып берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем қызметкерлері коронавирус жұқтырған науқастар туралы айтып берді. Олардың айтуынша, жедел жәрдемді салтанатты іс-шараларға қатысқан және маска тағу талаптарын елемеген тұрғындар жиі шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем қызметкерлері коронавирус жұқтырған науқастар туралы айтып берді. Олардың айтуынша, жедел жәрдемді салтанатты іс-шараларға қатысқан және маска тағу талаптарын елемеген тұрғындар жиі шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордада күн сайын коронавирус жұқтырудың кемінде 1 300 жағдайы анықталады. Дәрігерлердің айтуынша, жансақтау бөліміне көбіне вакцина алмаған, сондай-ақ өз бетінше емделген науқастар түседі.

Ахуал орталығының мәліметінше, 30 шілдедегі дерек бойынша коронавирус жұқтырған 238 науқас реанимация бөлімінде жатыр, ал жасанды тыныс алу аппаратында - 45 адам. Айта кетейік, Орталық 2020 жылдың маусымында қаланың медициналық мекемелерінің жұмысын үйлестіру және коронавирус жұқтырған пациенттерді стационарлар бойынша біркелкі бөлу үшін құрылған болатын.

"Өткен тәулікте 347 адам ауруханаға жатқызылды. Төсек резерві бірден толып кетті. Жағдай шиеленісті. Оған қоса вирус жұқтырған науқастар саны да көбейді. Егер өткен аптада коронавируспен 10 мыңнан аса адам үйінде ем алса, бүгінде бұл 12 мыңнан аса пациент", - деді мамандар.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда жүктеме алдымен жедел жәрдем, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар жанындағы мобильді бригадаларға түседі.

"Қоңыраулар саны 3 500-ге дейін жетеді. Коронавирусқа байланысты қоңыраулар күніне 300-ге жетті. Пациенттердің көпшілігі (90 пайыздан астамы) 103 қызметіне жүгінеді. Олардың көбі вакцина алмаған науқастар және медициналық көмекке кеш жүгінгендер. Жедел жәрдем барғанда пациенттер әрең сөйлеп, әрең дем алатын жағдайда болады", - дейді жедел жәрдем бригадасының фельдшері Азамат Әлкенов.

Айта кетейік, елорда әкімінің тапсырмасы бойынша мобильді бригадалардың саны екі еседен аса артты. Бұл жедел жәрдемнің, қаланың медициналық мекемелерінің жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге көмектеседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети