27 қазан 2016 | 13:10

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үй бағалары халықтың әлеуметтік осал топтарына бағдарланған болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ortcom.kz © ortcom.kz

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғызылып жатқан үйлердің бағасы шаршы метріне 140 мыңнан 240 мың теңге аралығында түрленетін болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
 
Қазақстандағы тұрғын үйдің ағымдағы бағалары туралы айта отырып, ҚР ҰЭМ Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынып жатқан пәтерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына көбірек бағдарланған барабар бағамен ерекшеленетініне назар аударды.

Иконка комментария блок соц сети

"Бәйтерек" салып жатқан тұрғын үйлердің бағалары барабар, несиелік тұрғын үй бойынша өңірлерде - бір шаршы метр үшін 140 мың теңге, Астана және Алматы қалаларында - бір шаршы метр үшін 180 мың теңге, коммерциялық тұрғын үй - 240 мың және одан жоғары. Біз мемлекеттік құрылыс бойынша бағалар одан әрі де осы деңгейде болады деп есептейміз. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша да осындай бағалар болады деп ойлаймыз. Құрылыс материалдарының 80-90 пайызға жуығы Қазақстанда шығарылады, сондықтан бағалар серпілісі болмауы тиіс. Ал таңдаулы тұрғын үйде басқа жүйе", - деп хабарлады Жайымбетов ОКҚ-дегі баспасөз конференциясында. 

Айта кету кетек, бүгінгі таңда Қазақстан құрылысқа берілген рұқсаттардың саны бойынша бір жылға жетпейтін уақыт ішінде 70 тармаққа көтеріліп (2015 жыл қорытындылары бойынша 92-орын) 22-орынға ие болғаны туралы Doing Business дүниежүзілік банк рейтингісі жарияланды.

Жалпы, Қазақстан Doing Business рейтингісінде 6 орынға көтерілген. Өткен жылы біздің еліміз 41-орынға ие болса, ал қазір 35-ші орынға дейін көтерілген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети