Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Нұрсұлтан Назарбаев Франция президентіне көңіл айтты

08 Қаңтар 2015, 11:39
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Charlie Hebdo басылымы редакциясына жасалған террорлық әрекетке байланысты Француз Республикасы президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта террорлық әрекет салдарынан француз азаматтарының қаза тапқаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысының үлкен күйзеліспен қабылдағаны жөнінде айтылған. "Бүгінгі күні терроризмнің етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан өз тарапынан халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын лаңкестік пен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан оқиға құрбандарының отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Франция халқына шын ниетпен көңіл айтты.

Еске сала кетейік, 7 қаңтар күні белгісіз біреулер Charlie Hebdo сатира басылымының редакциясына оқ жаудырған болатын. 12 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алды. Шабуыл жасағандардың ағайындылар - 32 жастағы Саид және 34 жастағы Шериф Куашилер және 18 жастағы Хамид Мурад екені белгілі болды. Лаңкестердің қолынан басылым қызметкерлерімен бірге екі полицей де оққа ұшты. Францияда теракт құрбандарына байланысты қаралы күн жарияланды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай