27 мамыр 2015 14:07

Нұрсұлтан Назарбаев Хорватия премьер-министрімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Хорватия Республикасының премьер-министрімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Хорватия Республикасының премьер-министрімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының премьер-министрі Зоран Милановичті қабылдады. Кездесу барысында екі елдің сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика салаларындағы өзара іс-қимылын жандандыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті жайттар қарастырылды.

"Мен тиімді екіжақты экономикалық байланыстар орнату үшін Хорватияға бірнеше рет бардым, өйткені біздің елдеріміздің арасында бұған ешқандай кедергі жоқ. Біздің елмен жұмыс істегісі келетін хорват компанияларымен өзара ықпалдастық жөнінде менің тарапымнан тиісті тапсырмалар берілген", - деді Мемлекет басшысы. Ол еліміз бен Хорватия арасында достық қатынастар орнағанын атап өтті.

Зоран Миланович Қазақстан-Хорватия ынтымақтастығының қарқыны артып келе жатқанын, бұл өзара қарым-қатынастың негізгі салаларына оң ықпал етіп отырғанын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети