09 мамыр 2021 09:05

Нұрсұлтан Назарбаев Жеңіс күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы Мәскеуде өткен шеруде. © РИА Новости Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы Мәскеуде өткен шеруде. © РИА Новости

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады. Елбасының құттықтауы 9 мамырда ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады. Елбасының құттықтауы 9 мамырда ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті қазақстандықтар!

Жыл сайын 9 мамыр күні біз әкелеріміз бен аталарымыздың адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста көрсеткен ерен ерлігі мен қаһармандығын еске аламыз.

Бұл күні біз үшін зор мақтаныш пен нағыз патриотизмнің үлгісіне айналған ардагерлердің алдында басымызды иеміз.

Соғыс құрбандарына тағзым етіп, осы күнге аман жеткендерге құрмет көрсетеміз. Олардың  жауынгерлік ерлігі мен тылдағы еңбегінің арқасында біз бейбіт әрі тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.

Отан үшін от кешкендердің ерлігін ұмытпай, оны кейінгі ұрпаққа үлгі ету – біздің қастерлі борышымыз.

1945 жылғы мамыр айындағы Ұлы Жеңіс ортақ мақсатқа жұмылған халықтардың ауызбірлігінің, достығы мен өзара көмегінің жарқын символына айналды.

Бірлігі жарасқан қоғам ғана зор жетістіктерге жете алатынын халқымыз жақсы біледі. Тәуелсіздіктің отыз жылындағы тәжірибеміз - соның айқын дәлелі.

Біз осы кезеңде қуатты әрі өркендеген мемлекет құрдық. Өзара сыйластық, тұрақтылық пен тыныштық еліміздің орнықты әрі үйлесімді дамуының кепілі болды.

Тарихтан сабақ алып, халқымыздың бірлігін ең басты құндылық ретінде сақтап келеміз. Алдағы уақытта да солай боларына сенемін.

Баршаңызды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мықты денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр тілеймін!

Аспанымыз әрдайым ашық болсын!" - делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети