14 желтоқсан 2021 18:11

Облыстың дамуына септігін тигізушілер

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Теңізшевройл" айтулы межеге қол жеткізді: 1993 жылы компания құрылған кезден күні бүгінге дейін 500 миллион тоннадан астам мұнай өндірілді. Бұл Қазақстан Үкіметінің, акционерлер мен адал қызметкерлерінің тұрақты қолдауының арқасында ғана емес, сонымен қатар компанияның үздіксіз инвестициялары мен заманауи технологияларды пайдалану арқылы қауіпсіз және сенімді өндіріске назар аударуының арқасында жүзеге асты.


"Теңізшевройл" айтулы межеге қол жеткізді: 1993 жылы компания құрылған кезден күні бүгінге дейін 500 миллион тоннадан астам мұнай өндірілді. Бұл Қазақстан Үкіметінің, акционерлер мен адал қызметкерлерінің тұрақты қолдауының арқасында ғана емес, сонымен қатар компанияның үздіксіз инвестициялары мен заманауи технологияларды пайдалану арқылы қауіпсіз және сенімді өндіріске назар аударуының арқасында жүзеге асты.

"ТШО-ның Қазақстанмен серіктестігі бірлескен және сапалы ынтымақтастық нәтижесінде ғаламат жетістікке жетудің жарқын мысалы болып табылады", - деді ТШО бас директоры Кевин Лайон.

Ал бұл жарты миллиард тонна "қара алтын" деген қазақстандықтар үшін нені білдіреді? Біріншіден, ТШО 28 жыл ішінде Қазақстандағы ең ірі жұмыс беруші және салық төлеуші ​​бола отырып, облыс пен еліміздің экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келді. Қолдауды әсіресе жергілікті кәсіпкерлер жақсы сезінеді. Оларға компания мұнай-газ саласының табысты жеткізушілері болуға, тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық қамтуды ұдайы арттыруға мүмкіндік беріп отырады. ТШО үшін бұл – миллиардтаған доллар инвестиция, ал отандық кәсіпорындар үшін – өзара тиімді ынтымақтастық.

Сонымен қатар, ТШО өзінің қызмет еткен жылдары бүкіл Қазақстан бойынша 310 мыңға жуық жұмыс орнын құрды. Адамдарды лайықты жалақымен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қызметкерлерді бәсекеге қабілетті дағдыларға үйретті.

Мұнай алыбының қызметіндегі бір ерекшелік, ол – әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржылай қолдауы. Жыл сайын бөлінетін қаражат мектептер мен ауруханалардың құрылысына жұмсалады, сонымен қатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін қоғамдық белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдарға грант түрінде беріледі.

Сонымен қатар, "Теңізшевройл" қоршаған ортаны қорғауға көп көңіл бөлуде. Экологиялық көрсеткіштерді үнемі жақсарту және қоршаған ортаны қорғауға инвестиция салу кәсіпорын үшін басымдылық болып табылады және де бұл салада компания еш үнемдемейді: 2000 жылдан бері ТШО осы мақсаттарға 3 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат бөліп, нәтижесінде атмосфераға шығарындыларды азайтуға қол жеткізді.

Болашаққа көз сала отырып, компания екі біріктірілген жобаны жүзеге асыруда – Келешек кеңею жобасы (ККЖ) және Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ). Жобалар мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға және Теңізде жұмыс істейтін зауыттардың толық жүктелуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бере отырып, облыс пен тұтастай алғанда мемлекет үшін айқын пайда әкеледі. Бұл дегеніміз – дайын білікті мамандар және жаңа өндіріс орындары, қазақстандық және халықаралық компаниялар арасындағы берік серіктестік.

Материалды Тенгизшевройл ұсынды
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети