Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Одноклассникиде" тіл тигізгені үшін 50 мың теңге төлейді

03 Маусым 2014, 17:12
0
©РИА Новости
©РИА Новости

"Одноклассники" желісінде кісіге тіл тигізгені үшін Рудный тұрғынына 50 мың теңге төлеу және өз парақшасында жазғанын жоққа шығару міндеттелді, - деп хабарлайды Аlau.kz.

Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2014 жылдың 24 ақпаны күні Рудный тұрғыны (әйел адам) "Одноклассники" әлеуметтік желісінде "Внимание, мошенники" атты фотоальбом орналастырып, онда сот орындаушысы автокөліктерінің суретін жариялаған. Фотосуреттің астына "МОШЕННИК ПО КВАРТИРАМ!!!", "Бывшие госслужащие - БЕДНЫЕ МАЛОИМУЩИЕ - Зарплата буквально КРОХИ - а взятки ляшки ЖГУТ" (стилистикасы сақталды) деген пікір жазыпты.

Сот орындаушысы әйел ар-намысыма нұқсан келтірді деп мәлімдеді. "Сот орындаушысы бұл әйел мөлшері анықталмаған адамдар тобы - Интернет қолданушылары арасында өзінің алаяқтығы, пара алғаны туралы жалған мәлімет тарата отырып, ар-ожданына, іскерлік беделіне кір келтірді, қылмыс жасады деп, көпшілік алдында жала жапты деп есептейді", - делінген соттың баспасөз парағында.

Өзінің талап-арызында шағымданушы әйелді таратқан ақпаратын жоққа шығаруға және 300 мың теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттеуді сұрады. Бұл іске қатысты сот өндірісі даудың реттелуіне байланысты тоқтатылған. Жауапкерге 2014 жылдың 9 маусымына дейін "Одноклассники" желісіндегі жеке парақшасында бұрын таратқан мәліметін жоққа шығару міндеттелді. Сондай-ақ, одан 50 мың теңге өндірілетін болды, оның 15 мың теңгесі - моральдық шығын сомасы.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай