23 желтоқсан 2016 09:16

ОҚО-да лейшманиоз дертіне шалдыққандардың саны екі есе өскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да лейшманиоз дертіне шалдыққандардың саны екі есе өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ОҚО-да лейшманиоз дертіне шалдыққандардың саны екі есе өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2016 жылдың 22 желтоқсанына дейінгі жағдай бойынша, облыста барлығы 124 науқас тіркелген. Науқастанғандар санының биылғы 11 айдағы көрсеткіші 53-тен 124-ге дейін эндемиялық үш аудан есебінен көбейген. "Тіркеуге алынғандардың көбісі уақытылы медициналық көмекке жүгінбеген жандар. Оларды арнайы топ ауылдар мен аулаларды аралау барысында анықтаған", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарында тіркелген тері лейшманиозы дерті адамнан адамға жұқпайтынын мәлімдеген еді. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Жәукімованың айтуынша, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы Отырар, Шардара аудандары мен Арыс қаласы лейшманиоз ошағы екен. "Бұл аурудың өршуіне инфекцияның негізгі резервуары және шығу көзі - үлкен-үлкен құмтышқандар қаптап кеткен. Қоздырғыштарды тасымалдаушы үндеместер кеміргіштердің қанын сорғаннан кейін 6-8 күн өткенде жұқтырғышқа айналады. Инфекцияланған үндемес шаққаннан кейін ауру адамға өтеді. Аурудың жасырын кезеңі 2 аптадан 4 айға дейін созылады, күз, қыс айларында ұзақ уақыт жазыла қоймайтын, орнында тыртық қалдыратын жаралар пайда болады. Лейшманиозды емдеу симптоматикалық, антисептикалық, антибактериялық және репорациялаушы сыртқа қолданылатын дәрілермен жүзеге асырылады", - деді Жәукімова.

Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда аталған мемлекеттік мекемелердің мамандары жергілікті әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, Отырар ауданында тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Облыстық терівенерологиялық диспансерінің мамандары аула аралап, тұрғындарға әдістемелік көмектерін көрсетуде. 

"Отырар ауданында халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің мәжілісі өткізілып, лейшманиоздың алдын алу және емдеу бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, дәрілеу үшін бюджеттен қаражат бөлу уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету, аула аралау жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Бастысы - тері лейшманиозы жазылатын дерт", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети