Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

ОҚО-дағы жантүршігерлік жол апатының мән-жайы белгілі болды

23 Қыркүйек 2016, 17:49
0
© Otyrar.kz
© Otyrar.kz

ОҚО-дағы жантүршігерлік жол апатының мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жол апатынан өз тойына асыққан күйеу жігіттің, екі қарындасының және досының қаза болғаны анықталды. Ал қалыңдығы басқа көлікпен бара жатыпты. "Қалыңдық басқа көлікте болды, ол зардап шеккен жоқ. Mercedes-Benz тізгінінде болған күйеу жігіт ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Оқиға орнында 1993 және 1997 жылғы екі қыз қаза болды, олар әпкелі-сіңлілер. Сонымен қатар, күйеу жігіттің бір досы қаза тапты", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.  

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы Ташкент тас жолында болған. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") соталды тергеу басталды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай