10 мамыр 2019 19:50

Олар отан үшін соғысты: соңғы жауынгерлер біздің арамызда

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл сайын Ұлы Отан соғысыны қатысқандардың саны азайып барады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 1 425 мүгедек пен Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері өмір сүріп жатыр. Қазір Алматыда соғыс майданына қатысқан 260 адам бар. Олардың ішінде жасы ең үлкені биыл 102-ге толды. Көбінің әлі де күш-қайраты бойында. Олар бір-бірлерімен кездесуге дайын тұрады. Бастарынан зұлмат соғысты өткізгендеріне қарамастан ардагерлер әрдайым күлімсіреп жүреді. Бұл адамдар жаудан қаймықпай отан алдындағы борышын өтеп, елімізді сақтап қалды. Tengrinews.kz тілшісі аңызға айналған бес ардагердің тағдырынан сыр шертпек. Олар соғыс кезінде қасында жүрген майдандастарының өмірлерін құтқарған.


Жыл сайын Ұлы Отан соғысыны қатысқандардың саны азайып барады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 1 425 мүгедек пен Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері өмір сүріп жатыр. Қазір Алматыда соғыс майданына қатысқан 260 адам бар. Олардың ішінде жасы ең үлкені биыл 102-ге толды. Көбінің әлі де күш-қайраты бойында. Олар бір-бірлерімен кездесуге дайын тұрады. Бастарынан зұлмат соғысты өткізгендеріне қарамастан ардагерлер әрдайым күлімсіреп жүреді. Бұл адамдар жаудан қаймықпай отан алдындағы борышын өтеп, елімізді сақтап қалды. Tengrinews.kz тілшісі аңызға айналған бес ардагердің тағдырынан сыр шертпек. Олар соғыс кезінде қасында жүрген майдандастарының өмірлерін құтқарған.

Полктің баласы және Бауыржан Момышұлының адъютанты

Иван Абдулов - Ұлы Отан соғысының еліміздегі ең жас ардагері. Ол жақында 90 жасқа толады. Иван Әкімұлы 13 жасында балалар үйінен қашып, майданға барып, танымал Панфиловтың 316-дивизиясының қатарына қосылған. Баланы Бауыржан Момышұлының жеке адъютанты етіп қояды. 

"Мен онымен екі майдан өттім. Мәскеуді және Курскіні қорғау барысында. Ол уақытта соғыс қызу жүріп жатты. Не олар, не біз! Батальон көп әскерінен айрылып қалды десек болады. Бірақ аға лейтенант Бауыржан Момышұлы мен сарбаздар болды. Олардың ішінде 28-ші мен болдым. Дивизияның штабын таратып жіберді. Мені 274-ші арнайы қызметтегі полкке қызмет етуге жіберді, онда мен соғыстың соңына дейін болдым. Сержант атағын алып, аға санитар болдым. Мен жарақаттанғандардың жараларын таңып жүрдім. Сондай-ақ оларды госпитальға жіберіп отырдым", - дейді Иван Әкімұлы.

Бірде Мәскеудегі шайқас кезінде Иван Абдулов комбаттың өмірін сақтап қалған екен.

"Немістер шабуылдаған кезде, біздікілер де оларға қарсы ұмтылған. Командир бес метрдей алға жылжыды. Айналаның барлығы жарақаттанғандар. Біз сарбаздарымызға көмектесе бастадық, олардың арасында өлген немістер де болды. Бір немісті тірі емес шығар деп ойласам, сол уақытта ол тізерлеп командирге қаруын дәлдей бастады. Мен сол уақытта оның қолынан ТТ тапаншамды алып, оның қолына атып үлгердім. Басқалар оны байлап, штаб дивизиясына жеткізді. Сонда Бауыржан Момышұлы маған алғысын білдірді. "Аман бол, генерал болуыңа тілектеспін" деді ол. Одан кейін біз Кубада кездестік", - дейді ол. 

Соғыстан кейін Иван Әкімұлы Саратовтағы Суворов училищесін тәмамдап Мәскеудегі МҚК-ның Жоғары мектебіне жіберілген. Қызмет кезінде Абдулов қауіпті жерлердің барлығында болған. Сондай-ақ Венгриядағы көтеріліс пен 1968 жылғы Прагадағы көктемнің себептерін анықтау үшін тергеу іс-шараларына қатысқан. Төрт жыл Иван Әкімұлы Солтүстік Кореяда қызмет еткен. Онда интернационалдық борышын өтеген. Оның жұмысына шет елдердің агенттерін анықтау, әскердегі төтенше жағдайлардың себебін анықтау, жабық әскери нысандарға тексеріс жасау сияқты мақсаттары болған. Ол әлемнің біраз еліне барған. Кубаға барып Фидель Кастромен кездескен. Сонымен қатар, Еуропа, Балтық елдері, Үндістанға да барған. 67 жыл мемлекетке қызмет еткен. Қазіргі уақытта Абдулов қарсы барлау қызметінде запастағы полковник лауазымында. 

Майдандағы махаббат

95 жастағы Тамара Максимова Мәскеуде дүниеге келген. Соғыс басталысымен ол сыныптастарымен әскери комиссариатқа барып майданға баруға ұсыныс жасаған. Оны госпиатльда медбике болуға жіберген. Ауыр жарақаттармен келген сарбаздарды тылға жіберіп, ал қалғандарын санитарлық бөлімде емдеген. Қыздар сарбаздарды барынша қолдаған. Майданға хат жіберіп, сондай-ақ ампутация жасалуы тиіс сарбаздарды психологиялық көмек көрсетіп отырған. "Мұндай жауынгерлерде көңіл-күйлері түсіп, халдері нашарлап кететін. Олар өздерін ешкімге керек емес деп ойлайтын. Бір күні бізге аяғы жоқ теңіз жаяу әскерін алып келді. Ол өз-өзіне жол жұмсамақ болды. Біз олардың жауынгерлік рухын көтеріп отырдық. Қыздар оларға ғашық екендігін айтып, оларды әлемдегі ең жақсы адамдар екенін айтып, соғыстан кейін де оларды күтетінін айтатын. Сонымен қатар, біз туыстары жоқ жауынгерлерге хат жазып тұрдық. Хат алмасу соғыс аяқталғанша жалғасты. Бірақ кейбіреулері тоймен аяқталған", - дейді Тамара Александровна.

Тамара Максимова өзінің болашақ жарын госпитальда кездестірген. "Оның аяғы жарақаттанған еді. Оған да ампутация жасау қаупі бар еді. Ал ол болса майданға оралғысы келді. "Бұл қалай болғаны, - деді ол, - менің жолдастарым майданда, соғыс әлі аяқталған жоқ, ал мен болсам осында жатырмын". Сол уақытта мен дәрігерлерге оған тағы да ота жасау керектігін айттым. Өйткені осыған дейінгі екі ота оған көмектеспеді. Сарбазға отаны үш аптадан соң жасады да майданға аттандырды. Оған ешкім хат жазбаған, сөйтіп мен одан майдандағы пошта бөлімінің нөмірін сұрап алдым. Мінекей, нәтижесінде біз 62 жыл бірге тұрдық", - дейді майданға қатысушы. 

1943 жылдың мамырында Тамара Александровнаның денсаулығы нашарлап, госпитальда ары қарай жұмыс істей алмады. Соғыстан кейін ол 10-шы сыныпты аяқтап, институттың тарихи-филология факультетіне түскен. 1946 жылы ол тұрмысқа шығып, жұбайымен бірге Кеңес одағының 16 республикасында өмір сүрген. Кейін, оның жұбайын Алматыға ауыстырып, олар осында қалған өмірлерін өткізуді шешкен. Сосын Тамара Александровна диссертацияны қорғап, ғылым кандидаты дәрежесін алып 16 жыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жұмыс істеген.  Ұлы Отан соғысының қатысушысы II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Сонымен қатар Мәскеуді қорғағаны үшін медальмен мараптталған.

Жаужүрек Алатырцев

Алатырцев 1924 жылы Нижегородс облысының Павлово қаласында дүниеге келген. 95 жасында Дмитрий Васильевич денсаулығы жақсы екенін айтады. Оның әлі күнге дейін майдандағы оқиғалары есінде. Майданға мектептен кейін бірден барған, онда 586-шы артиллериялық полкта қызмет еткен. Дмитрий Алатырцев көлік жүргізушісі болған, сондай-ақ тасушы болған. Ол 122-миллиметрлік гаубицаның оқтаушысы қызметін атқарған. Мәскеуді қорғаушылардың қатарында болып, Берлин мен Брестке дейін барған.

"Біз оларға күштің не екенін көрсеттік. Оған қоса біздің жеңілмейтін ел екенізді де көрсеттік. Соғыс кезінде мен снарядтардың жарылысынан екі рет зақым алдым. Әрдайым зеңбіректердің қасында жүрдім. Бір мәрте оқтап жатқан командирімізге снаряд ұшты. Біреуі сол жерде қаза тапты, ал екіншісінің іші қатты жарақаттанды. Сол уақытта біздің жаққа келе жатқан танкті көрдім. Мен зеңбіректі оқтап, танкке дәлдеп тигіздім. Екінші танкта келе жатты, оны да атып үлгердім, сол снарядтардың әрқайсысының салмағы 24 келіден болды. Сондай-ақ оқ-дәрінің салмағы 10 келі. Сөйтіп мен танктерге оқ жаудырып жатқан кезде маған көмекке майдандастарым келді. Нәтижесінде екі снарядты құрттық", - дейді Дмитрий Алатырцев.

Оны майдандастары "жаужүрек Алатырцев" деп атаған. Соғыс кезінде оны екі рет өлді деп санаған. Бірінші рет ол қызмет еткен колоннаны бомбалағаннан кейін оны қаза болды деп ойлаған. Бірақ Дмитрийді одан аман қалған. Екінші рет әуе бомбалау кезінде, жарылғыш зат оның ұйықтап жатан жеріне түскен. Кейін госпитальға бара жатқан жолда ол есіне келген. Ал басқа қаза тапқан сарбазды Алатырцев деп жазып, оның мүрдесін үйіне жіберген. Осыдан кейін Дмитрий Алматның госпиталіне түскен, онда жараланған ұшқыш әйелді кездестірген. Кейін екеуі жақсы араласып, артынан отбасы құрған. Алматыда жауынгер политехникалық институтты бітіріп, кейіннен Мәскеу автожол институтын тәмамдаған. Дмитрий Васильевичтың көптеген марапаттары бар. Бірақ оның ішіндегі ең алғашқы және маңыздысы "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалі. 

"Көйлекпен туған"

Жарқожа Асқарбаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Ворошилов ауылында дүниеге келген. Жеті сыныпты бітіргеннен кейін, ол әскерге атттанған. Сондай-ақ Жарқожа әскери курстардан өтіп, аға сердант лауазымын алған. Сосын үлестіру кезінде жаяу әскер қатарына іліккен. Онда сарбаз взводтың командирі болған. 

Сталинградты бас-аяғына дейін өтіп, Варшава мен Польшаны жаудан босатқан, кейін Германиядағы Бреслава қаласы, сосын Чехословакияға дейін жеткен. Майдан кезінде ол әлдеқалай аман қалған екен. Ауыр жарақаттар да алмаған.

"Праганы босатқаннан кейін, Германияға жіберілдік, онда бір жарым ай болдық. 1945 жылдың 1 мамырында соғыс аяқталды. Кейін мені әскери қызметтен босатып, өз жеріме қайтарды. Мен жеңіс біздікі болатынына сендім. "Қашан оқтың астында қаламын", - деп те ойладым  Бірақ, мен "көйлекпен туған" сияқтымын. Сталинградтық соғыс кезінде мен жарақаттар алдым. Бішкекте емделдім, сосын қайтадан майданға оралдым. Беларусьті, Украинаны, Польшаны азат етіп, Германияға барып ол жақтан аман-есен оралдық", - дейді ардагер.

Жарқожа Асқарбаев соғыстан кейін жетекшілік жұмыстарды атқарған. Ол Луговой ауданы комитетнің бірінші хатшысы, Меркі ауданының аудандық ауыл щаруащылығында қызмет атрқарған, Қордай ауданының  комсомол партиясының хатшысы, сондай-ақ колхоздың жетекшісі мен ауыл шаруашылығы кеңесінің жетекшісі қызметтерін атқарған. Майдангер көптеген марапаттарға ие болған. "Қызыл нышан" орденін,  Екінші дәрежелі Отан соғысы ордені, сосын "Ерлігі үшін", "Польшаны босатқандығы үшін", "Берлинді жаулағаны үшін" деген марапаттарға ие. Жарқожа Асқарбаев екі ер бала мен бес қыз өсірген. Қазір оның 20 немересі бар, 15 шөбересі және 16 шөпшек көріп отыр.

Жоба аясында әрбір қазақстандықтың баға жетпес тарих архивінің толығуына атсалыса алатынын еске саламыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық ардагерлердің және еңбек майданына қатысушылардың естеліктерін бізге жіберулеріңіз қажет. Ол үшін ардагердің аты-жөнін, туған жылын, әскери қызметі немесе тылдағы қызмет жылдары жайлы қысқаша мәлімет беріп, суретін қыстыруыңыз қажет. Оқиғалар Tele2 "жеңіс" нөмірі және WhatsApp +7-70-09-05-1945 арқылы қабылданады.

"Жеңімпаздар" арнайы жобасы ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірлесіп "Қазақстанның дарынды балалары", "Батырлар арамызда" арнайы жобалары қолға алынған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети