22 сәуір 2021 11:57

Өлім жазасын жою: Қылмыстық кодекске түзетулер Парламентке жіберіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Бас прокуратура өлім жазасын жою туралы заң жобасы Парламентке қашан берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокуратура өлім жазасын жою туралы заң жобасы Парламентке қашан берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жыл басында Қазақстан өлім жазасын жоюға бағытталған халықаралық пактіге факультативтік екінші хаттаманы ратификациялады. Оны іске асыру үшін Қылмыстық кодекске тиісті түзетулерді пысықтау талап етілді. Осы мәселе қай сатыда екенін хабарлауыңызды сұраймын?" - деп сұрады депутат Сергей Ершов Сенат отырысында.

Бас прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов Бас прокуратура заң жобасы тұжырымдамасын әзірледі деп жауап берді.

"Ол нормативтік-құқықтық актілердің қоғамдық порталдарында талқыланды. Ақпанда ведомствоаралық комиссия өтті. Үкімет тұжырымдаманы мақұлдады. Қазіргі уақытта Бас прокуратура заң жобасын әзірледі. Ол қазір құқық, экономика, лингвистика, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізіліп жатыр. Қорытындылар қабылданғаннан кейін заң жобасын Үкіметке жібереміз. Кейін шамамен мамыр-маусым айларында ұсынуды жоспарлап отырмыз", - деді Асылов.

25 қыркүйекте Сыртқы істер министрлігі Қазақстанда өлім жазасы жойылғанын хабарлаған. Сонымен қатар, сарапшылар норманың толық күшін жою туралы айтуға әлі ерте екенін, елде Конституция мен Қылмыстық кодексті тағы бір рет өзгертуге тура келетінін айтқан.

ҚР Конституциясының 15-бабы 2-тармағында былай делінген:

"Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар".

Бұл ретте 2003 жылдан бастап елімізде осы үкімді орындауға мораторий енгізілген.

Алайда кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізудің қажеті жоқ екенін айтқан еді.

"Өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы" заңға ел Президенті 2 қаңтарда қол қойған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети