16 қараша 2021 16:56

Өлім жазасының күшін жоюымыз керек - Тоқаев

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда өлім жазасын алып тастау туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда өлім жазасын алып тастау туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев 2021 жылғы маусымда құқық қорғау саласын жаңғыртуға бағытталған Қазақстанның Адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы жарлыққа қол қойылғанын еске салды. Ел өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші қосымша хаттамаға қосылды.

"Құқық қорғаушыларымыздың арасында осы тақырыпта пікірталас өрбіді. Соның ішінде әзірленіп жатқан заң жобасының жартысы бар, ол бойынша Қазақстанда бірқатар ерекшеліктермен өлім жазасын алып тастауды көздейді. Бұл пікірталастың негізгі аспектілері туралы бүгін Жеміс Тұрмағамбетова айтты.

Құқыққорғаушылар бұл мәселені дұрыс қойып отыр деп есептеймін. Өлім жазасының күшін жоюымыз керек. Оның үстіне, егер олай айтуға болса, бұл абстрактілік сипатқа ие. Сондықтан, Парламент менің ұстанымыма, сондай-ақ, Ұлттық сенім кеңесі мүшелерінің ұстанымына құлақ асады деп ойлаймын", - деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Қазанда Мәжіліс Қазақстанда өлім жазасын алып тастайтын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта бірнеше ескертпелер қарастырылған. Өлім жазасын қылмыстық кодекстің төрт бабында қалдыру ұсынылады. Соның ішінде соғыс қимылдарымен байланысты және соғыс уақытында жасалатын бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы ең ауыр қылмыстар үшін жүзеге асады. Оларға қолданыстағы Қылмыстық кодекске сәйкес басқыншылық соғысты тұтандыру немесе жүргізу, жаппай қырып-жою қаруын қолдану, әскери тұтқындар мен бейбіт тұрғындарды өлтіру арқылы көрінген соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу, сондай-ақ, соғыс уақытында жасалған геноцид жатады.

Сонымен қатар, 2003 жылдан бастап елде өлім жазасына мораторий енгізілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын Конституцияға өзгерістер енгізудің қажеті жоқ деп мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети