18 шілде 2019 13:24

Өмірзақ Шөкеев 43 градус ыстықта шөп тасыды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/saken.kalkamanov © facebook.com/saken.kalkamanov

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмысшыларға шөп жинауға көмектесті. Бұл туралы аймақ басшысының кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданына барған сапарында қолына айыр алып, шөп жинады. 

"5 гектар ауыл шаруашылық меншігінде бидай жинады. Әр гектардан 25 центнер. Түркістан облысында шілде соңына дейін бидай жинау науқаны аяқталуы тиіс", - деп жазды әкімнің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов. 

Фото:facebook.com/saken.kalkamanov

Сондай-ақ, ол Өмірзақ Шөкеевтің Шаян ауылында дүниеге келгенін және бала кезінен ауыр жұмысқа дайын екенін жеткізді. 

Осыған дейін, Өмірзақ Шөкеев бидай ору үшін комбайн жүргізген еді. 

Айта кетейік, weather.com мәліметінше, бүгін Түркістан облысында ауа райы 43 градус болып тұр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети