17 қазан 2015 16:45

Оңтүстік Қазақстанда оқушыға шкаф құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Оңтүстік Қазақстан облысында екінші сынып оқушысының үстіне шкаф құлап кетті. Осыған байланысты сол мектепттің директоры мен мұғалімі жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды "Отырар".


Оңтүстік Қазақстан облысында екінші сынып оқушысының үстіне шкаф құлап кетті. Осыған байланысты сол мектепттің директоры мен мұғалімі жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды "Отырар".

Аудандық білім бөлімнің меңгерушісі де қызметіне лайық емес деп танылған. "Оқушыға квота бөлінеді. Ол Қазақстанның алдыңғы қатарлы офтальмологиялық клиникаларының бірінде тегін емделеді", - деп хабарлады басылым.

Оқиға 12 қыркүйек күні Сарыағаш ауданының Мақташы ауылындағы № 81 мектепте болған. Кабинетті жинап жатқан кезде 8 жастағы оқушының үстіне шкаф құлап, оқушының беті сынған әйнектің әсерінен тілініп кеткен.

"Мектеп директоры оқушылардың қауіпсіздігі үшін өзі жауап береді. Келеңсіз оқиғаларды жасырып қалуға жол бермейміз", - деді Оңтүстік Қазақстан облысы Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының Өзін-өзі тану және балалардың құқығын қорғау бөлімінің жетекшісі Ғалия Жүсіпова.

Оның айтуынша, мектеп балалардың еңбегін пайдаланбауы керек - сенбіліктерде де, сыныпты тазалау үшін де. "Барлық білім беру мекемелерінде тазалаушы персонал бар. Балалардың еңбегін пайдалану туралы ақпаратты біздің сенім телефонымызға қоңырау шалып айтуыңызға болады. Балалар сыныпты тазалауға міндетті емес. Балалардың еңбегін пайдалануға тыйым салынған", - деді Ғалия Жүсіпова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети