Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Оңтүстік Қазақстандағы жүкті жасөспірімдердің арасында 12 жастағы қыздар жоқ

21 Шілде 2015, 09:18
0
©inpress.ua
©inpress.ua

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Айгүл Сапарғалиева жасөспірім қыздардың жүктілігі жайында түсінік берді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Жүкті әйелдерді тіркеу порталының дерегіне сүйенген медицина қызметкері 12 жастағы қыздардың бұл есепте жоқ екенін мәлімдеді. Десе де, жыл басынан бері кәмелет жасына толмай бала көтерген қыз балалардың саны, расымен, үш жүзден асады екен. "12 жасқа дейін ол программада әйел тіркелмеген, жүкті әйел. Жалпы 13 жас пен 18 аралығына дейін, яғни 17 жастағыларды қоса есептегенде, 402 әйел жүктілікпен тіркелінген. Оның ішінде 283 - аудандардан, 119 әйел - қала тұрғындары. Олардың ішінді 41 әйел босанған. Қазіргі таңда 331 әйел тіркеуде тұр, 18 жасқа дейін", - деді Айгүл Сапарғалиева.

Еске салайық, кеше, 20 шілдеде ОКҚ-да өткен брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Бексұлтан Тұтқышев Оңтүстік Қазақстанда кәмелетке толмаған 350-ден аса жүкті қыздың есепте тұрғанын хабарлаған болатын. "Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, жасы 12-ге енді толған, бірақ 17-ге толмаған 350-ден аса жүкті қыздың есепте тұрғаны анықталды", - деген еді Тұтқышев.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай