07 қараша 2016 09:00

Оңтүстік Корея әуежайында бір топ қазақстандықты әуежайдың жертөлесіне қамап қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореядағы Инчхон әуежайында бір топ қазақстандықты әуежайдың жертөлесіне қамап қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жәбірленушілердің бірі - шымкенттік Руслан Садықзаде. 


Оңтүстік Кореядағы Инчхон әуежайында бір топ қазақстандықты әуежайдың жертөлесіне қамап қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жәбірленушілердің бірі - шымкенттік Руслан Садықзаде. 

Ер адамның айтуынша, ол 4 қарашада досымен бірге Ташкенттен Asiana Airline әуекомпаниясының ұшағымен ұшып шыққан. 5 қарашада таңғы уақытта жергілікті уақыт бойынша шамамен 11.00-де олар Инчхон әуежайына қонған. Кеден бақылау қызметінен өту кезінде Садықзадеге бірнеше сұрақ қойылған, осыдан кейін оны жауап алу бөлмесіне шақырған. Ол жақта екі адамды 4-5 сағат бойы ұстаған, содан кейін жертөледегі тағы бір бөлмеге қамап қойған.

"Ұшып бара жатқанымызды корейлер ілтипатпен сөйлеген. Бірақ қонғаннан кейін бәрі де өзгеріп шыға келді. Қылмыскерлер сияқты жүргізіп, айғайлай бастады. Адам ретінде көрмейді. Бұл бөлмеде Тайландтан, Малайзиядан, Ресейден, Өзбекстаннан және басқа да елдерден 30-дан аса ер адам бар. Басқа бөлмеде шетелдік қыздар толып жүр. Олардан мұнда біреулерінің тіпті айлап тұрып жатқанын білдік, ал кейбіреуі бірнеше күн бұрын келіпті. Жоғарыдағы жауап алу бөлмесінде қарындасыма келгенімді және елді көру үшін келгенімді айттым. Олар туристік бағытымды айтуымды талап етті. Біз қонақүйде бөлме жалдағанымзды, олардың бізге гид жалдап беретінін уәде еткенін айттық. Сол жақтан қала аралауымыз керек болған. Оның бағыттарын мен қайдан білейін? Қаланы білу үшін келіп тұрған адам, бағытты қайдан білсін? Қамалып отырғандардың көбі себепсіз қамалғанын айтады", - дейді қазақстандық.

Ескерту! Былапыт сөздер айтылады! 

Ол әуежайдың жертөлесінде Алматыда тұратын жеті адамның барын айтты. Садықзаде бір тәулік бойы жертөледе отырғаннан кейін алматылық Асель деген қызбен бірге әуежай персоналымен ағылшын тілінде сөйлесіп, жоғары көтеріле алғанын айтты. 

"Олардың сеніміне кірдік, мені де, досымды да, Асельді де босатты. Біз осы әукежайдың ішінде қонақүй жалдап тұрып жатырмыз. Проблеманы шешкімі келеді. Әуе компаниясының қызметкерлеріне паспортымызды беріп қойдық. Олар ештеңе істей алмайтынын, сондықтан елге қайта ұшырып жіберетінін айтып отыр. Инчхон - Ташкент рейсі бар, 7 қарашаға, бірақ ол жақта бос орын болмауы мүмкін. Бұл елден ұшып кеткіміз келіп отыр. Рейспен ұшып кете алмасақ, өз ұшағымызды күтуге мәжбүр болады екенбіз. Ал өз ұшағымыз 11 қарашада болады. Билетсіз темекі сатып ала алмай жүрміз. Тамақты билетсіз сата беретіні қандай жақсы болған", - дейді ер адам.

Ал ҚР СІМ өкілдері мұндай оқиғалардың Кореяда жиі болып тұратынын мәлім етті. "Біз азаматтарымызды мұндай жағдайлар болып жатса, қандай шара қолдану керектігін айтып жүрміз. Сайтымызда бұл туралы арнайы ескерту бар. Әрбір елдің өз территориясына кіргізбей қоюға құқығы бар, визалар кіруге кепіл бола алмайды", - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети