20 қазан 2021 15:27

Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілмек

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: 2gis.kz Фото: 2gis.kz

Орал әуежайының атауы өзгертіледі. Бұл шешім облыстық мәслихат сессиясында қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.


Орал әуежайының атауы өзгертіледі. Бұл шешім облыстық мәслихат сессиясында қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

20 қазанда облыстық мәслихат сессиясы өтті. Тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Ганиеваның айтуынша, мұндай ұсыныс қоғам қайраткерлері мен депутаттар тарапынан түскен.

"Nur Otan партиясы жанындағы "Мирас" қоғамдық кеңесінің мүшелері мен облыстық мәслихат депутаттары "Орал халықаралық әуежайы" ЖШС атауын өзгерту туралы ұсыныс енгізді. Әуежайға Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы ұсынысты қолдауды сұраймын", - деді Света Ганиева.

Портал мәліметінше, депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдаған.

Мәншүк Мәметова Орал облысының (қазіргі БҚО) тумасы, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Мәметова Қызыл Армияда пулеметші болған. Ол соңғы шайқаста 70-тен аса қарсыласын жойып, 1943 жылдың күзінде қайтыс болды. Кейіннен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети