Оралда аттракционда зардап шеккен балаларға өтемақы төленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда аттракционда зардап шеккен балаларға өтемақы төленеді

Кәсіпкерлер Оралдағы әткеншектен зардап шеккен балалардың отбасынан кешірім сұрады. Оператор-компанияның өкілдері жарақат алған балаларға өтемақы төлейтіндерін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Айта кетейік, БҚО денсаулық сақтау басқармасы өкілдері оқиға салдарынан 5 пен 10 жас аралығындағы сегіз бала зардап шеккенін айтты. Кейін олар медициналық тексеруден өткен. Онда балалардан ми шайқалуы және аяқ-қол сынуы тәрізді жарақат анықталмағаны айтылды. Балалар амбулаториялық емделуге жіберілген.

"Зардап шеккен балалардың ата-анасынан кешірім сұраймыз. Балалардың ауыр жарақат алғаны туралы ақпарат жалған. Біз балалардың ата-анасымен кездестік. Олардың денесінде көгеру және ісу белгілері бар. Емделу шығындарын өтейміз", - деді РИА "Мир" ЖШС директорының орынбасары Антон Ротштайн.

Сондай-ақ, кәсіпкер бұл оператор-компанияның тоғыз жылдық жұмысындағы алғашқы елеулі оқиға екенін айтты.

"Беларусь өндірісінен шыққан әткеншек қолданылған. Сот-техникалық сараптама жүргізеді. Техникалық ақаулық, зауыттан немесе кернеудің жоғарылауынан болуы мүмкін. Кез келген техника бұзылуы мүмкін. Қазір аттракцион мөрленіп, жұмыс істемей тұр", - деді кәсіпкер.

Айта кетейік, оқиғаға қатысты соталды тергеу басталған. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын зерттеп жатыр.

Оқыс оқиға 2 мамырда "Чудненко" аттракционында болған. Куәгерлердің сөзінше, асқан жылдамдықпен айналып тұрған аттракцион кенет тоқтап қалған. Салдарынан 5-10 жас аралығындағы сегіз бала түрлі жарақат алып, облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +33
Астана +24
Ақтау +25
Ақтөбе +16
Атырау +20
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +26
П
Павлодар +22
Петропавл +28
С
Семей +33
Т
Талдықорған +32
Тараз +37
Түркістан +18
О
Орал +27
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер