23 қараша 2022 16:58

Оралда "Еңбек жолы" атты облыстық форум өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында "Еңбек жолы" атты облыстық форум өтті. Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құрып, еңбек адамының беделін арттыру, жастар арасында жұмысшы мамандығын насихаттау, еңбеккер әулет үрдісін сақтау, жанұяның беделін көтеру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев, жас кәсіпкерлер және мемлекеттік грант иеленіп, өз кәсібін бастаған азаматтар қатысты.

Форум барысында көпшілікке жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері қойылған көрме ұсынылды. Көрмедегі өнімдермен танысқан өңір басшысы Ғали Есқалиев кәсіпкерлерге сәттілік тілеп, үздік бизнес бастамаларға оң бағасын берді. Одан соң салтанатты жиында облыстық деңгейде өткізілген "Еңбек жолы" байқауының жеңімпаздар марапатталды. "Үздік еңбек әулеті" аталымы бойынша оралдық Хайсаровтар әулеті жеңіске жетсе, теректілік хореограф Жанар Тайшыбаева "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" атанды. Ал "Өндірістің үздік жас маманы" аталымында Ақжайық аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, жас маман Еламан Кенжеғали үздік шықты.

Барлық жеңімпаз-жүлдегерге бағалы сыйлықтар табысталды.

Материал БҚО әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети