13 қазан 2020 17:02

Оралда кезекші сыныптағы 3 оқушы коронавирус жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов©️ Фото: Тұрар Қазанғапов©️

Оралда кезекші сыныптағы 3 оқушы коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.


Оралда кезекші сыныптағы 3 оқушы коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі бала вирусты әкесінен, біреуі атасынан жұқтырған.

Баспасөз қызметі өңірде оқушылар арасында коронавирус жұқтырудың бірінші дерегі қыркүйектің аяғында тіркелгенін атап өтті. Онда бір отбасындағы 2 бала қауіпті індетті әкесінен жұқтырған. Ал екінші дерек қазанның ортасында тіркелген. Қаладағы кезекші сыныпта оқып жүрген оқушы коронавирусты атасынан жұқтырыпты.

"Осыған байланысты мектептерде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді. COVID-19 жұқтырған оқушылардың сыныптастары мен мұғалімдері коронавирустың бар-жоғына ПТР-тест тапсырды. Ол теріс нәтиже көрсетті", - делінген хабарламада.

ШҚО-да 58 оқушы коронавирус жұқтырды

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 108 901-ге жетті. 104 203 науқас дертінен айықты, 1 746 адам қайтыс болды.

Батыс Қазақстан облысында 6 890 адам COVID-19 жұқтырды. 6 765 науқас жазылды,  110 адам аурудан көз жұмды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети